Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
ҚАЗАҚСТАН ҮШІН ТИІМДІ ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІНІҢ БІРІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ҚАЗАҚСТАН ҮШІН ТИІМДІ ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІНІҢ БІРІ

ҚАЗАҚСТАН ҮШІН ТИІМДІ ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІНІҢ БІРІ

         Әлемде  жер көлемі жөнінен 9-шы орын алатын Қазақстанның ауыл халқы бүгінде ірі қалаларға немесе сол жаққа жақын орналасқан елдімекендердің аумағына қарқынды түрде қоңыстануда. Осыдан оншақты жыл бұрын негізінен елдің солтүстігі, батысы, шығысындағы ауыл халқы қалаларға ағылса, бүгінде халқы тығыз орналасқан оңтүстік өңірдің тұрғындары да жақсы өмір іздеп, соларға қосылуда. Нәтижесінде 1990 жылдары ел халқының 65-пайыздайы ауылдық аймақта тұрса, бүгінде бейресми есеп бойынша қазақстандықтардың 70 пайыздайы ірі қалаларға не сол маңға жақын аймақтарға қоңыс аударған. Экономикалық себептермен туындаған бұл урбанизациялық процесстердің салдары еліміз үшін келешекте ерекше болғалы тұр.
        Жері көлемі шағындау, бірақ халқы тығыз орналасқан мемлекеттер үшін бұндай ішкі миграциялық процесстер елеусіз болып көрінуі мүмкін, бірақ жері үлкен де, халқы шағын Қазақстан үшін оның әсері айырықша. Көптеген ауылдар қаңырап бос қалып жатса, кейбір елдімекендерде бірнеше оншақты үй ғана қалған. Сондай шағын елдімекендердің аудан орталықтарымен ара қашықтықтары кей жағдайда 60-70 шақырымды құраса, кейбіріне көрші ауылдармен қыс айларында көліктермен қатынас жасау қиын шаруа болып табылады. Ондай елдімекендер тарқатылып кетпегеннің өзінде де оларды бір орталықтан басқарылатын электр желілеріне жалғап отыру мемлекет үшін экономикалық тұрғыдан тиімсіз шаруа болары анық. Сондықтан уақыт өте келе ондай ауылдарға өз-өздерін тиімді әрі арзан электр энергиясымен қамту мәселесі туындайтыны анық.
         Бұл үшін сол ауылдардың тұрғындары шағын өндіріс орындарын ашулары не тек ауылшаруашылық дақылдарын өсіріп, өңдеп, одан жартылай дайын өнім жасаумен шұғылданатын кейбір еуропалық елдердегідей коммуналарға біріккендері пайдалы болмақ. Содан кейін оларға арзан электр энергиясына қол жеткізу секілді маңызды мәселені шешулері қажет.  Егер ондай коммуна ірі елдімекендерге  жақын орналасса, онда әрине еш қиындықсыз орталықтандырылған энергия көзіне оңай қол жеткізері анық. Ал ондай коммуна шалғай жерде орналасса ше? Онда олар үшін қандай баламалы энергия көзі пайдалы болмақ? Дизелді генераторлар экономикалық жағынан қымбатқа түсетіндіктен бірден есептен шығарылады. Желмен жұмыс істейтін немесе тау өзендеріне орнатуға болатын шағын ГЭС-тер тек нақты бір аймақтарға ғана жарамды болғанмен, негізінен жазықты аймақтардан тұратын елдің басым бөлігі үшін олардан пайда шамалы болмақ.
          Сондықтан біздің еліміз үшін ең тиімді тәсіл сарқылмайтын энергия көзі — Күннен қуат алатын күн панельдері дер едім. Бұл құрылғылар күн сәулесін электр энергиясына айналдырады және бүгінде көптеген салада қолданыс табуда. Елімізде күн сәулесі барлық айиаққа еркін түсетіндіктен, күн панельдері ұзақ уақыт бойы тұрақты энергия бере алады. Бұған қоса, электр энергиясын өндіру кезінде көмірқышқыл газы мен басқа да зиянды заттарды шығармайтындықтан оларды экологиялық таза энергия көзі ретінде қарастыруға болады. Және де оған қажетті қосалқы бөлшектерді нарықтан тез табуға, сондай-ақ барлық жұмыс автоматты түрде жүзеге асатындықтан оның жұмысын бақылауға көп маманның қажеті де жоқ. Бұл жағдайлар коммуналарға қаржыны біршама үнемдеуге мүмкіндік береді.
          Күн панельдерін орнату бастапқыда қымбатқа түскенмен, уақыт өте келе олар тұтынушының электр энергиясына жұмсайтын қаражатын айтарлықтай үнемдеуге көмектеседі. Қажетті талаптар дұрыс орындалса, онда 20-30 жылға дейін еркін қызмет ете алатындықтан олар ұзақ мерзімді инвестиция болып табылады.
         Қорыта айтар болсақ, күн панельдері — болашақтың энергия көзі. Экологиялық тұрғыдан алғанда таза, үнемді және ұзақ мерзімге жарамды күн панельдерін еркін түрде – орталықтандырылған электр желісінен алыста орналасқан шалғай елді мекендердегі тұрғын үйлер, шағын қожалықтар, жоғарыда айтылғандай коммуналармен қатар мектептерге, ауруханаларға да орнатуға болады. Сондықтан, оларды кеңінен қолдану – тұрақты дамуға үлес қосумен қатар, қоршаған ортаны да қорғауға үлкен көмек болып табылады деп ойлаймыз.
Қалмұрат ДӘУЛЕТБАЕВ,
журналист.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...