Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
МАҚТААРАЛДЫҚ ДИҚАНДАР ҚЫЗЫЛША ТҰҚЫМЫН ЕГУДЕ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » МАҚТААРАЛДЫҚ ДИҚАНДАР ҚЫЗЫЛША ТҰҚЫМЫН ЕГУДЕ

МАҚТААРАЛДЫҚ ДИҚАНДАР ҚЫЗЫЛША ТҰҚЫМЫН ЕГУДЕ

Мақтаарал ауданы А.Қалыбеков ауылдық округінің еңбекқор диқандары үй іргелік жерлерге қызылша тұқымын егіп бастапты. Бұл туралы округ әкімі Молдабек Битемров аудан әкімінің баспасөз қызметіне хабарлады.
Қызылшаның павло, боро, водан F1 атты тұқымдарын шетелден келтірілген. Қазіргі таңда диқандар 10 гектарға тұқым егіп үлгерген. 2 жарым айдан кейін өнім бере бастайтын көкөністің бұл түрінен гектарына 25-30 тонна өнім алуға болады екен.
2020 жылы ерте көктемде өнім алған А.Қалыбеков ауылдық округінің диқандары Алматы, Астана, Қарағанды қалаларына және Ресей мемлекетінен қызылша өнімін сатып, мол табыс тапқан.
Қызылша егілетін жер өте құнарлы болуы тиіс. Ол үшін селитра, аммофос, малдың қилары арқылы жер тыңайтылады. Агротехникалық шаралардың басым бөлігі қолдың күшімен істелетіндіктен, қызылша егу үшін қажырлы еңбек керек екені ескерілуі тиіс. Алайда, үлкен еңбектің соңы – үлкен табысқа алып келетінін округ әкімі М.Битеміров атап өтті.
Айта кетейік, Мақтаарал ауданы А.Қалыбеков ауылдық округінде 4632 гектар егістік жер бар. Бақша өнімдерін өндірумен аты шыққан округ былтыр 200 мың тоннаға жуық қауын-қарбыз өнімдерін экспортқа шығарған.
Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ҚҰРЫЛТАЙ: АЗАМАТТАРДЫҢ ҮНІН ЗАҢ ШЫҒАРУ ҮДЕРІСІНЕ ЖЕТКІЗЕТІН ЖАҢА ИНСТИТУТ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНА БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСАЙЫҚ!

       23 ...

АЗАМАТТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК – КЕМЕЛ ҚОҒАМНЫҢ КЕПІЛІ

        ...

ӘРБІР ДАУЫС ЕЛ ТАҒДЫРЫ ҮШІН МАҢЫЗДЫ

        ...

ДАУЫС БЕРУ ҚҰҚЫҒЫН БЕРЕТІН ЕСЕПТЕН ШЫҒАРУ КУӘЛІКТЕРІН БЕРУ ТӘРТІБІ

        ...

Өскеменде танымал айтыскер сарбаздармен бірге әскери ант қабылдады

        ...

23 тамыз – азаматтық жауапкершілікті танытатын маңызды күн

       Әрбір ...

Әр дауыс – ел ертеңіне қосылған үлес

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДАҒЫ БАСТАМАЛАР – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

        ...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ АРХИВ ІСІНЕ – 100 ЖЫЛ. ОТЫЗ ЖЫЛДЫҚ ЕҢБЕК – ҰЛТ ЖАДЫНА ҚЫЗМЕТ

     Архив… Бұл ...