Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 80 ЖЫЛ: ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ, ҰРПАҚҚА ҮЛГІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 80 ЖЫЛ: ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ, ҰРПАҚҚА ҮЛГІ

ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 80 ЖЫЛ: ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ, ҰРПАҚҚА ҮЛГІ

        Биыл адамзат тарихындағы ең қасіретті де қаһарлы соғыстың, Ұлы Отан соғысының Жеңіспен аяқталғанына 80 жыл толып отыр. Бұл күн – тек тарихи дата емес, әр отбасының, әр жүректің жүрек түкпірінде сақталған тағдырлы күн. Бұл Жеңіс – майданда қас дұшпанға қарсы шепте тұрып, жанын шүберекке түйген жауынгерлер мен тылда еңбек еткен аналар мен балалардың ортақ жеңісі. Мақтаарал ауданының халқы да сол бір сұрапыл жылдары өз үлесін адалдықпен, табандылықпен қосты. Жүздеген мақтааралдық боздақтар майданға аттанды. Олардың қатарында аты тарихта қалған жерлестеріміз Кеңес Одағының Батырлары Қауымбаев Тоғанбай, Әлімбетов Абылай, Әбдібеков Тілеуғали, Гусев Василий, Жуков Петр, Нижурин Федор, Нұрлыбаев Жолдыбай, Решетник Иван, Уммаев Мухажир сонымен қатар соғысқа қатысқан барлық ардагер аталарымыздың ерлігі ел жадында. Олар өз өмірлерін қауіп-қатерге тігіп, бейбіт күннің шуақты болашағы үшін күресті.
       Соғыстан аман оралған ардагерлер бейбіт заманда ауданның өсіп-өркендеуі жолында еңбек етіп, жас буынға отансүйгіштік пен адамгершіліктің үлгісін көрсетті. Әсіресе, мақта шаруашылығын дамытуда, ауыл шаруашылығын қайта қалпына келтіруде олардың қосқан үлесі зор болды. Соғыстан кейінгі ауыр жылдарда елдің азық-түлікпен, киім-кешекпен қамтамасыз етілуі де осы арда азаматтардың табандылығының арқасы.
       Мақтаарал халқы – тылда да ерлік жасаған халық. Әйел-аналар мен жасөспірімдер ауыр еңбекке жегіліп, майдан үшін азық-түлік, киім-кешек, соғысқа қажетті шикізат дайындап отырды. Ауыл шаруашылығы саласында еңбек еткен әрбір азаматтың жанқиярлық еңбегі Жеңіске деген сенім мен махаббаттың көрінісі болды.
        Бүгінде Мақтаарал ауданында Жеңістің 80 жылдығына орай түрлі іс-шаралар өтіп жатыр. Мектептерде ардагерлермен кездесулер, патриоттық ән кештері, тақырыптық көрмелер мен ашық сабақтар ұйымдастырылып, жас ұрпаққа өткеннің өнегесі дәріптелуде. Жергілікті архив, мәдениет және білім саласының қызметкерлері батыр бабаларымыздың өмір жолын насихаттауда үлкен жұмыс атқарып келеді. Солардың қатарында Мақтаарал ауданы Атакент кентінде орналасқан Жетісай өңірлік мемлекеттік архивінің қызметкерлері Жеңістің 80-жылдық мерейтойына орай Мақтаарал аудандық мәдениет үйінде, Жетісай аудандық білім бөлімінің Ә.Молдағұлова атындағы жалпы орта мектебінде және Жетісай қаласының орталық саябағындағы ісшараларға қатысып, архив құжаттары негізінде бірнеше көшпелі құжаттар және фото құжаттар көрмелерін өткізді.
       Тарих – өткенге тағзым, болашаққа бағдар. Біз Ұлы Жеңістің 80 жылдығын тек мереке ретінде емес, соғыстың әрбір зардабы мен жеңістің әрбір тамшысы мыңдаған адамның тағдырымен келгенін ұмытпауға тиіспіз. Батыр бабаларымыздың рухына тағзым ету – бүгінгі ұрпақтың қасиетті борышы.
Кадырбекова Пакизат Абдуллаханқызы,
Жетісай өңірлік мемлекеттік архивінің архивисі. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...