Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНА 25 ЖЫЛ: ЕЛ БОЛАШАҒЫ ҮШІН АДАЛ ҚЫЗМЕТ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНА 25 ЖЫЛ: ЕЛ БОЛАШАҒЫ ҮШІН АДАЛ ҚЫЗМЕТ

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНА 25 ЖЫЛ: ЕЛ БОЛАШАҒЫ ҮШІН АДАЛ ҚЫЗМЕТ

           Астанада Қазақстанның ауылдық өңірлерін дамытуға бағытталған саяси күш – «Ауыл» партиясының құрылғанына 25 жыл толуына орай «Ауыл» партиясы: 25 жыл белесі» атты ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды. Бұл маңызды шара ауыл мәселелеріне арналған кең ауқымды пікір алмасу алаңына айналып, партияның бүгінгі орны мен болашаққа жоспарларын талқылауға мүмкіндік берді.
         Конференция бағдарламасы «Ауыл — ел болашағы» атты деректі фильмнің көрсетілімімен ашылды. Фильмде партияның құрылу кезеңінен бастап бүгінгі күнге дейінгі дамуы, ауыл шаруашылығын қолдау бағытындағы бастамалары, ел өміріндегі маңызы кеңінен баяндалды. Бұл көрініс қатысушыларға «Ауыл» партиясының Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесін айқын түсінуге септігін тигізді.
       Сонымен қатар, конференция аясында «Ауыл нақыштары» атты шығармашылық байқаудың үздік туындылары көрмеге қойылды. Бұл байқау ауылдың рухани мәдениетін, ұлттық дәстүрлер мен заманауи шығармашылық элементтерін ұштастыра отырып, ауыл өмірінің сан қырын ашуға бағытталды. Көрмеге қойылған жұмыстар ауыл тұрғындарының өмірі мен тұрмысын көркем бейнелеп, олардың мүдделерін қолдауға деген партияның ықыласын көрсетті.
         Конференцияны Мәжіліс депутаты, партия төрағасы Серік Егізбаев ашып, «Ауыл» партиясының тарихы мен негізгі бағыттарына тоқталды. Ол атап өткендей, ширек ғасырлық тарихында партия өз саяси және идеологиялық ұстанымдарынан ешқашан таймай, ауылдық өңірлер мен ауыл шаруашылығы мәселелерін үнемі көтеріп келеді.
         «Біздің басты міндетіміз – халықтың сенімін ақтау. Біз ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсартуға, ауыл шаруашылығын дамытуға нақты шешімдер ұсынумен айналысамыз. Партияның жұмысы еліміздің ауылдық аймақтарын өркендетуге бағытталған және бұл бағытта біз өз міндетімізді абыроймен орындап келеміз», – деді Серік Егізбаев.
         Айта кету керек, «Ауыл» партиясының Абай облысы бойынша өңірлік филиалының Төрағасы – Смағұлов Қайрат Қанатұлы да конференцияға қатысып, өңірдегі ауылды дамыту бағытындағы жұмыстың маңыздылығын атап өтті. Ол Абай облысындағы ауыл шаруашылығын қолдау және ауыл тұрғындарының өмір сапасын арттыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлініп жатқанын жеткізді. Сонымен қатар, конференцияға «Ауыл» партиясының басқа да мүшелері белсенді қатысып, партияның мақсат-міндеттері мен ауылды дамытудағы өзекті мәселелерді талқылауға ат салысты. Бұл – партия мүшелерінің елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, әсіресе ауылдық жерлердің өркендеуіне деген зор жауапкершілігін көрсетеді.
        «Абай облысы – ауыл шаруашылығы мен ауыл мәдениеті үшін маңызды аймақ. Біз «Ауыл» партиясы ретінде жергілікті деңгейде де халықтың сенімін ақтап, ауылдың өркендеуіне барымызды саламыз», – деді Смағұлов Қайрат Қанатұлы.
          «Ауыл» партиясының 25 жылдық мерейтойы – бұл ауыл мен ауыл тұрғындары үшін адал қызмет пен сенімділіктің белгісі. Алдағы жылдарда да партия ауылды дамыту, оның тұрғындарының тұрмысын жақсарту бағытындағы жұмысын жалғастыра бермек.
«Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...

ДЕПУТАТ ТАЛҒАТ ҚАРЖАУОВ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ КЕЗІНДЕ БАЛАЛАРҒА МЕКТЕП ҚҰРАЛДАРЫН ТАБЫСТАДЫ

        ...

СЕМЕЙДЕ ЗАҒИП ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА КІТАПХАНА ЕСІГІН АШТЫ

        ...

АБАЙ КҮНІ — ҰЛЫ МҰРАНЫ ҰЛЫҚТАУ КҮНІ

        ...

«ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫ» – ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ

       Қазақстан ...