Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
БАЛАЛАРЫМЫЗДЫҢ ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫ – «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ НАЗАРЫНДА - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » БАЛАЛАРЫМЫЗДЫҢ ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫ – «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ НАЗАРЫНДА

БАЛАЛАРЫМЫЗДЫҢ ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫ – «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ НАЗАРЫНДА

(1 МАУСЫМ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ)  
         1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні – күллі адамзаттың ең қымбат қазынасы – балаға деген сүйіспеншілік пен қамқорлықтың айырықша белгісі. Осы аталмыш мерекеге орай «Ауыл» партиясының Абай облысы бойынша өңірлік филиалы барлық балаларды,  ата-аналарды, ұстаздар мен қоғам белсенділерін шын жүректен құттықтайды!
         «Ауыл» партиясы баланың құқығы, денсаулығы, сапалы білім алуы мен қауіпсіз ортада өсуі – мемлекеттің басты құндылығы деп есептейді. Осы бағытта жалпы  партия көлемінде  бірқатар маңызды жобаларды жүзеге асырып келеді.
          Атқарылған негізгі шаралар мен жобалар:
           «Ауыл баласына – сапалы білім» жобасы аясында шалғай ауыл мектептерінде қосымша білім беру курстары мен үйірмелер ашылды. Ерікті жас мамандар тартылып, IT және робототехника бағытында сабақтар өткізілді.
        «Кітап – баланың рухани азығы» акциясы арқылы ауылдық кітапханалар мен мектептерге 1500-ден астам балалар әдебиеті сыйға тартылды.
        Әлеуметтік қолдау бағдарламасы шеңберінде көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына мектеп формасы, оқу құралдары мен спорт жабдықтары табысталды. Жергілікті демеушілердің қолдауымен жазғы демалыс лагерлеріне жолдамалар берілді.
        «Салауатты бала – жарқын болашақ» бағдарламасы аясында спорт алаңдары жаңартылып, ауыл балалары үшін футбол, волейбол секциялары мен ұлттық ойын түрлері қайта жанданды.
       Болашаққа бағытталған жоспарлар:
– Ауыл балаларына арналған қосымша білім беру орталықтарын көбейту;
– Психологиялық қолдау кабинеттерін ашу;
– Ерекше қажеттілігі бар балалар үшін бейімделген орта қалыптастыру;
– Ауыл балаларының шығармашылық қабілетін дамытуға арналған облыстық «Дарын» орталықтарымен тығыз байланыс орнату.
       Құттықтау сөз:
       Бала – әрбір отбасының үміті, елдің алтын болашағы. Олардың қамқорлығы мен амандығы – біздің басты мақсатымыз. Халықаралық балаларды қорғау күні – жай мереке ғана емес, бұл – балалардың мүддесін қорғау жолындағы жауапкершілікті еске салатын күн. «Ауыл» партиясы бұл бағыттағы жұмысын жалғастыра береді.
«Ауыл» партиясы, Абай облысы бойынша өңірлік филиалының баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ӨСКЕМЕНДЕ ҰЛТТЫҚ ҰЛАН САРБАЗЫ ТАҢҒЫ БАҒДАРЛАМА ЖҮРГІЗЕДІ

        ...

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК АКЦИЯ ӨТКІЗІЛЕДІ

        ...

КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ «КІТАПҚА – ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КВИЗ-САЙЫСЫ

        ...

«ҰЛЫ ДАЛА» балабақшасында «Ауыл» партиясының «Бастауыш партия ұйымы» ашылды

       Семей ...

ШЕКАРАДАН БАСТАЛҒАН СЕРІКТЕСТІК: ҚЫТАЙ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ САПАРЫ НЕНІ КӨРСЕТТІ?

        ...

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: ТҮРКІСТАН ӨНДІРІСІ ДАМЫҒАН ӨҢІРЛЕР ҚАТАРЫНАН ТАБЫЛАДЫ

        ...

«АГРОХАКАТОН – 2025» ЖАС ҒАЛЫМДАР ЖОБАСЫНДА СЕМЕЙЛІК – “CAMPUS TEAM” КОМАНДАСЫ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

СЕМЕЙДЕ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

        ...