Deprecated: Optional parameter $depth declared before required parameter $output is implicitly treated as a required parameter in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/theme-functions.php on line 1919

Deprecated: Optional parameter $args declared before required parameter $output is implicitly treated as a required parameter in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/theme-functions.php on line 1919

Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
МАҚТААРАЛДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ӨНІМІ КӨЛЕМІ 47,8 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕГЕ ЖЕТТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Экономика » МАҚТААРАЛДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ӨНІМІ КӨЛЕМІ 47,8 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕГЕ ЖЕТТІ

МАҚТААРАЛДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ӨНІМІ КӨЛЕМІ 47,8 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕГЕ ЖЕТТІ

Мақтаарал ауданында 2020 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 47,8 миллиард теңгеге жетті. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы 35,9 миллиард, мал шаруашылығы 11,9 миллиард, ауыл шаруашылығы қызметі 162,1 миллион теңгені құрады.

Ауданның негізгі күн көрісі — егін шаруашылығы. Өткен жылы диқандарымыз 60,9 мың гектар жерге егістік ексе, оның 38,2 мың гектары мақта дақылына тиесілі. Аудан бойынша 96,1 мың тонна ақ алтын жиналып, орташа өнімділік 25 центнерді құрады.
Жалпы мақтаны машиналық әдіспен теру 66%-ға жеткен. Қалған 34%-ы жұмысшылардың күшімен жиналған. Өткен жылы АҚШ-тан ауданымызға қосымша 23 дана «Джон-Дир» мақта терім комбайны сатып алынған. Жалпы мақта терім науқанына 514 доңғалақты трактор, 1206 тіркеме және 151 комбайн қатысқан.
2020 жылы Мақтааралдықтар 304,1 мың тонна бақша өнімдерін өндіріп, оның 80%-ын эскпортқа шығарған. Маусым кезінде күн сайын 300-ге тарта қауын-қарбыз тиелген жүк көліктері ТМД елдеріне, Прибалтика елдеріне, Түркия, Германия, Греция елдеріне жол тартты. Сонымен қатар, шаруа қожалықтары 46,4 мың тонна көкөніс, 11,7 мың тонна күрішпен қатар, басқа да түрлі ауыл шаруашылығы дақылдарын өндірді.

2020 жылы жылыжайлардың көлемін қосымша 10 гектарға ұлғайды. Сондай-ақ, 250,9 гектар алқапқа тамшылатып суару технологиясын ендірілді. Жыл қорытындысы бойынша 102 дана техника, құрал-жабдықтар мен түрлі агрегаттар алынған. Сонымен қатар, өткен жылы 35 бірлік мал бордақылау алаңдары, 8  шағын жанұялық сүт аулалары ашылған.
Жылдың қорытындысымен аталған бағыттар бойынша мемлекет тарапынан берілген барлық тапсырмалар артығымен орындалды.
Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ҚҰРЫЛТАЙ: АЗАМАТТАРДЫҢ ҮНІН ЗАҢ ШЫҒАРУ ҮДЕРІСІНЕ ЖЕТКІЗЕТІН ЖАҢА ИНСТИТУТ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНА БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСАЙЫҚ!

       23 ...

АЗАМАТТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК – КЕМЕЛ ҚОҒАМНЫҢ КЕПІЛІ

        ...

ӘРБІР ДАУЫС ЕЛ ТАҒДЫРЫ ҮШІН МАҢЫЗДЫ

        ...

ДАУЫС БЕРУ ҚҰҚЫҒЫН БЕРЕТІН ЕСЕПТЕН ШЫҒАРУ КУӘЛІКТЕРІН БЕРУ ТӘРТІБІ

        ...

Өскеменде танымал айтыскер сарбаздармен бірге әскери ант қабылдады

        ...

23 тамыз – азаматтық жауапкершілікті танытатын маңызды күн

       Әрбір ...

Әр дауыс – ел ертеңіне қосылған үлес

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДАҒЫ БАСТАМАЛАР – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

        ...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ АРХИВ ІСІНЕ – 100 ЖЫЛ. ОТЫЗ ЖЫЛДЫҚ ЕҢБЕК – ҰЛТ ЖАДЫНА ҚЫЗМЕТ

     Архив… Бұл ...