Warning: Trying to access array offset on false in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150 БІР КҮНДЕ 13 МЫҢ КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » БІР КҮНДЕ 13 МЫҢ КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

БІР КҮНДЕ 13 МЫҢ КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

       Көктем – күллі табиғаттың ұйқысынан оянып, жаңарып түлейтін, Жер ана бусанып, көк шығатын ерекше мезгіл. Тіршілік атаулыға жан бітіріп, жаңа өмірдің бастауы іспетті осы бір сәтті ерекше күтетін халық күннің көзі көрінісімен-ақ шаруашылық жұмыстарын бастап кетеді. Бірі жерін баптап, егін сепсе, енді бірі көшет егіп, тазалық жұмыстарына кіріседі. Аудан әкімі Серік Үсенұлының бастамасымен қолға алынған бұл жұмыс көктемі ерте келетін Жетісай ауданында қарқынды жүріп жатыр.
       Аудан басшысы Жетісай қаласындағы «Алпамыс» жалпы орта мектебінің аллеясына ағаш отырғызып, ауданда атқарылып жатқан көгалдандыру жұмыстарының барысымен танысты.
       Өткен жылы аудан тұрғындарының жиі баратын демалыс орындары мен скверлерге, парктер мен аллеяларға 19 мыңға тарта көшет отырғызылып, оның 16 мыңы көктеген. Биылғы жылы тағы 23 мың түп туя, сән ағаштары, сирень, кипорис, терек, шынар, қарағаш, багрянник, қарағай, каштан мен бадам секілді көшеттерді отырғызу жоспарланған.
         Отырғызылған көшеттерді күтіп-баптау ісімен айналысатын «Жетісай қызмет» МКК мекемесінің жұмысымен танысқан аудан басшысы оң бағасын берді. Өз қолымен көшет егіп, көгалдандыру жұмыстарына жауапкершілікпен қарауды қадап тапсырды.
         Серік Мамытовтың бастамасымен қолға алынған көшет егу жұмыстарының алғашқы күнінде қала, кент, барлық ауылдық округтерде 13 мың дана көшет отырғызылды.
        Айта кететін жәйт, аталмыш көшеттерге жергілікті қазынадан қаржы қаралмаған. Демеушілер мен Түркістан облыстық Табиғи ресурстар басқармасы тарапынан жеткізіліп отыр.
Бауыржан НАЙМАНОВ, Жетісай ауданы. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

ЖАҢА БИЗНЕС-ИДЕЯЛАР ҮШІН ГРАНТТАРҒА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНУДА

        ...

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – ОРТАҚ МІНДЕТ

       Мақтаарал ...

2026 ЖЫЛДЫҢ БАСЫНАН БЕРІ 69 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СУБСИДИЯЛАНАТЫН ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ

        ...

АУЫЛҒА КЕЛГЕН МАМАНДАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ ЖАҢА ЗАҢ: ТИІМДІ БАСҚАРУҒА БАСТАР ҚАДАМ

        ...

ӘРБІР ТАМШЫ АҒЫН СУДЫ ҮНЕМДІ ЖҰМСАЙЫҚ!

        ...

БІЛІМ МЕН ТІЛ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫНЫҢ БЕРІК ТІРЕГІ

       Еліміздің ...

ЗАЩИЩЕНЫ ПРАВА ГОСУДАРСТВЕННЫХ СЛУЖАЩИХ

        ...