Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
Халықаралық агенттік «Халық-Life» АҚ қаржылық тұрақтылық және ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін көтерді - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Business » Халықаралық агенттік «Халық-Life» АҚ қаржылық тұрақтылық және ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін көтерді

Халықаралық агенттік «Халық-Life» АҚ қаржылық тұрақтылық және ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін көтерді

          2023 жылғы 17 наурыз, Алматы қ. – AM Best агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) 2023 жылғы 16 наурыздағы ресми мәлімдесінде «Халық-Life» АҚ (бұдан әрі-Компания) қаржылық тұрақтылық рейтингін «B+» – ден «B++» – ге дейін, сондай-ақ эмитенттің ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін «bbb –» – ден  «bbb» – ге дейін көтерді. Рейтингтер бойынша болжам «Тұрақты».
        Компанияның ұзақ мерзімді рейтингтері рейтингтердің халықаралық классификаторы бойынша Қазақстан Республикасындағы өмірді сақтандыру компаниялары арасында ең жоғары болып табылады.
         Рейтингтің жоғарылауына Компанияның соңғы жылдардағы сенімді инвестициялық кірістілікпен қамтамасыз етілген операциялық көрсеткіштерінің жақсаруы ықпал етті. Сонымен қатар, 2022 жылы Компания меншікті капиталдың кірістілігін 2021 жылмен салыстырғанда 13,8 пайызға (21,8пайыздан 35,6 пайызға дейін) ұлғайтты. Бұл көрсеткіштің бес жылдағы орташа өлшенген мәні (2018-2022) шамамен 31% құрады.
         AM Best болашақта Компания өмірді сақтандыру және аннуитеттер портфелінің өсуіне, сондай-ақ өзінің операциялық шығындарын қысқарту үшін қабылдайтын іс-қимылдар салдарынан жоғары операциялық нәтижелерді көрсетуді жалғастырады деп күтеді.
         Сонымен қатар AM Best  сарапшылары өсу жоспарларын қолдау үшін пайданы жеткілікті көлемде ұстауға мүмкіндік беретін сенімді операциялық нәтижелер мен дивидендтік саясатқа негізделген Компания капиталының жеткіліктілігін жоғары деңгейде бағалайды. AM Best, болашақта Компания капиталының жеткіліктілігі осы деңгейде сақталады деп болжайды.
        «Біз беделді халықаралық агенттіктің біздің жұмысымызды жоғары бағалағаны үшін өте қуаныштымыз. Халықаралық агенттіктің қабылданған рейтингтік әрекеттері Компанияның дұрыс стратегиялық бағытты ұстанғанын және оның тиімділігін тағы да растай түседі. Бұл жоғары баға Компанияның ішкі нарықтағы қатысуды кеңейтуге, сондай-ақ Компанияның клиенттер базасын ұлғайтуға қосымша әсер етеді деп санаймыз. Жоғары рейтингтер Компанияның нарықтағы мықты жайғасымын әрі өз міндеттемелері бойынша жауап беруге қабілеті жоғары екенін көрсетеді», – деп түсіндірді Басқарма Төрайымы Жанар Жұбаниязова.
          2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Компания қазақстандық өмірді сақтандыру нарығында барлық қаржылық көрсеткіштері бойынша көшбасшы болып табылады. Сақтандыру сыйақылары бойынша нарық үлесі 33 пайыз, активтер бойынша – 31 пайыз, меншікті капитал мөлшері бойынша – 32 пайыз, таза пайда бойынша 27 пайыз көлемінде.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...