Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ТАРТЫМДЫ ТУРИЗМ БАҒЫТЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Business » ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ТАРТЫМДЫ ТУРИЗМ БАҒЫТЫ

ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ТАРТЫМДЫ ТУРИЗМ БАҒЫТЫ

         Үйлену тойын Түркияда өткізуге қызығатын жастардың саны уақыт өтткен сайын артып келеді. Естен кетпес ерекше сәттер сыйлауға ұмтылатын әлемдік той ұйымдастырушылар қауымдастығы – RSVP конференциясында той-думанның үздіктері анықталды. Жиын қорытындысында Түркия Жер шары бойынша туристер мен шаңырақ көтеруге ниетті жастардың «Сүйікті бағыты» деген атауға ие болды.
         RSVP — түрлі симпозиумдар, конференциялар, марапаттау салтанаттары мен үйлену тойыларын ұйымдастыратын әлемдік ұйымдардың ортақ платформасы. RSVP конференциясы 2018 жылдан бері екі жылда бір рет өткізіледі. Биыл Испанияның астанасы Мадридте бас қосқан шараға 30 мемлекеттен 250-ге жуық ивент ұйымдастырушылар, танымал спикерлер, профессионалдар қатысты. Үйлену тойлары мен түрлі шараларды өткізудегі соңғы үдерістер, брендинг пен дамуға қатысты мәселелер бойынша симпозиумдар болды.
       20 аталымнан тұратын RSVP Global Awards байқауында Түркия «Сүйікті бағыт» номинаиясын жеңіп алды. Ұйымның келесі басқосуы 2024 жылы 2-5 сәуірде Стамбұлда өткізілетіні анықталды. Байқау нәтижесінде Стамбұл премиум-класс санатындағы әлемдік шараларды ұйымдастыруға лайықты заманауи қала ретінде аталды.
        Батыс пен Шығыстың мәдениеті мен тархын, салт-дәстүрін тоғыстырған Түркия саяхатшылар мен туристерге әр аймақтың өзіне тән ерекшелігі бар асханасымен, дәмді тағамымен де қызықты. Соңғы жылдары жас жұбайлар Стамбұл, Бодрум, Анталья, Каппадокия, Чечек, Чешме, Фетхиеде үйлену тойларын өткізуді дәстүрге айналдырған. Аталған бағыттарда той иелеріне ақыл-кеңес беретін тәжірибелі мамандар жұмыс істейді. Олар тойдың маңызды бөлігінен ұсақ-түйегіне дейін жоспарлап, салтанатты кештің керемет өтуіне үлес қосады.
           Үйлену тойының жұмағы саналатын Стамбұлда тарихы тереңге тартқан ескі әдет-ғұрыппен бірге заманауи үдерістер қатар өріледі. Түркияның ең ірі қаласы Стамбұлға Жер шарының түкпір-түікпірінен тікелей жеткізетін авиарейстер қарастырылған. Той-думанды түріктер елінде жоспарлайтын қонақтар Стамбұлға кез келген құрлықтан оңай сапарлайды. Жабық кеңістікте немесе ашық аспан астында 200-ден 2000 адамға дейін күтуге жағдай қарастырылған сәнді той салондарында ине шаншар жер болмайды.Қонақтарға көңіл көтеретін шаралармен бірге спа-орталықтар, массаж залдары, жасыл желекке малынған бақтары ұсынылады.
         Стамбұлда қымбат қонақүйлерімен қатар, Осман империясынан қалған тарихи сарайлары мен виллаларында үйлену тойын өткізуге мүмкіндік бар. Падишаһтары билік құрған Осман империясының кезеңіндегі салтанатын сол қалпында сақтаған сарайларда шаңырақ құруға талпынған жастар алғашқы қадамдарын басады. Бұл мәңгілікке есте қалатын ерекше сәттер екені анық. Эгей теңізінің жағалауына орналасқан Бодрумда салтанатты тойлар көп өтеді. Ашық аспан асты мен жабық кеңістікте 150 адамнан 1000-ға дейін қонақ күте алатын той залдарының бір біріне ұқсамайтын ерекшелігі бар. Барлық мекенде жас жұбайлардың кез келген арманын жүзеге асырады.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...