Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
Алматыда өткен «Түркі әлемінің ақпараттық ынтымақтастығы» медиафорумнан (фото) - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » Алматыда өткен «Түркі әлемінің ақпараттық ынтымақтастығы» медиафорумнан (фото)

Алматыда өткен «Түркі әлемінің ақпараттық ынтымақтастығы» медиафорумнан (фото)

9 қазан күні Алматы қаласындағы «Қазақстан» қонақүйі «Grand Palace» залында «Түркі әлемінің ақпараттық ынтымақтастығы» деген атпен ІІ Түркітілдес журналистер медиа форумы өтті. Бұл туралы ttjk.info сайты жазды.
«Шеврон» компаниясы мен “Түркітілдес журналистер қоры” қоғамдық қорының біріккен жобасы халықаралық деңгейде өтті. Форумға Ұлыбритания, Италия, Түркия, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен спикерлер келіп, түркі бірлігі, медиасы, ақпараттық ықпалдастық туралы сөз қозғап, пікір алмасты.
Айтулы медиа форум алғаш рет 2018 жылы Ыстанбұлда өткен болатын. Араға үш жыл салып Алматы өткен іс-шараға отандық ақпарат саласының өкілдерімен қатар, бауырлас елдердің білікті мамандары қатысты. Атап айтқанда, Түркия Журналистер конфедерациясының халықаралық қатынастар жөніндегі бас үйлестірушісі Мевлут Йени, Анталья Журналистер одағының төрағасы Идрис Таш, Италиядағы Шетелдік журналис­тер қауымдастығының президенті Эсма Чакыр, Лондондағы «Avrupa Media Group» ақпараттық алаңының қожайыны Ватан Өз, Ташкенттегі «Халық сөзі» газетінің жауапты хатшысы Нұрлан Усманов, Бішкек мемлекеттік университеті журналистика факультетінің деканы Алтын Асанова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультетінің деканы Нұржан Қуантайұлы,  «Ана тілі» басылымының Бас редакторы Қали Сәрсенбай, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің басқарма басшысы Ақмарал Пазылова, «Шеврон» компаниясының коммуникациялар және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс жөніндегі кеңесшісі Айнұр Сағынбайқызы, сондай-ақ медиа саласының басқа да үздік мамандары бас қосты.
Медиа форумды “Түркітілдес журналистер қоры” қоғамдық қорының президенті Нәзия Жоямергенқызы ашты.
Италиядағы Шетелдік журналистер ассоциациясының президенті Эсма Чакыр «Журналистиканың ықпалы және сөз бостандығы» хақында сөз қозғады. Өзге спикерлер түркі елдерінің ортақ ақпарат кеңістігі, дәстүрлі медиа және жасанды интеллекті, жаңа медианың үдерістері және ақпараттық қауіпсіздік тақырыбында ой қозғап, пікірлерін ортаға салды.
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Журналистика факультетінің деканы Нұржан Қуантайұлы мен Бішкек Мемлекеттік университеті Журналистика факультетінің деканы Алтын Асанова да журналист кадрлерді дайындау туралы пікірлерімен бөлісті.
Ал, “Шеврон” компаниясының өкілі Айнұр Сағынбайқызы мен ҚазҰУ Журналистика факультеті ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасының меңгерушісі Назгүл Шыңғысова PR білім беру мен компанияның медиа құралдармен қарапайым жұмысы жайлы ақпараттары аудиторияға өте қызықты болды.
Шара соңында «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ мен «Шеврон» компаниясының серіктестігінде ұйымдастырылған «Әлеумет – қоғам айнасы» байқауының жеңімпаздарын  марапаттау салтанаты болды.

 
    

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...