Home » Business » АЛМАТЫҒА ӘЙГІЛІ ТАРКАН КЕЛДІ

АЛМАТЫҒА ӘЙГІЛІ ТАРКАН КЕЛДІ

          Қараша айының 17-де Алматы қаласына әлемге әйгілі поп музыка әншісі Таркан келді. Таркан Теветоглу 1972 жылы Германияда дүниеге келді, Таркан 13 жасқа толғанда отбасы тарихи отандарына қайтуға шешім қабылдайды. Тарканның әкесі де атасы да әскери адамдар болды, атасы орыс-түрік соғысына қатысқан адам, бірақ Таркан әскери жолды емес өнер жолын таңдады. Тарканның шын есімі Хұсметтин, ол түрік тілінде өткір қылыш деген мағына береді. Тарканның өнер жолы расымен өткір қылыштай жарқырады. Шығыстың Рики Мартины атанған Таркан қазірде өнері тоқырауға ұшырағандай. 10-20 жылғы хит әндерінен кейін жарық еткен өнерін көре алмаған түрік баспасөзі «ескі әндерімен жеке концертін қашанғы өткізбек» деп сын да айтып жүр.

         Алматыға «Soldout concerts»  орталығының ұйымдастыруымен  келген  «түрік поп-музыкасының ханзадасы» атанған әлемге әйгілі Таркан қараша айының бірнеше күнін Орта Азиядағы біршама мемлекеттерге арнайы гастролдік сапар жасайтынын айтқан болатын. Алматыдағы  концертінде«Dudu», «Kuzu Kuzu» және «Shikidim» сияқты мега хиттерімен халықтың әсересе қыздар қауымының жүрегін жаулап алды. Алматы Арена сарайында өткен концерттің орташа бағасы 22 мыңнан басталса жоғарғы шегі 70 мыңға дейін барған. Осыған қарамастан Қазақстанда өте танымал Тарканның жеке ән кешінде ине шаншарлық орын болмады десе де болады. «Біз Астанадан келіп отырмыз, қарындасым екеумізге 40 мыңнан екі билетіміз бар, ары бері жолымыз бар 100 мыңнан астам ақшамыз кетті»  дейді бір көрермен. Тағы бір көрермен болса жұмсақ ойыншығымен сыйлығын Тарканның жеке күзетіне беріп, аудармамен өзіне табыстаңызшы деп қиылып тұрғанын көрдік. Айтары жоқ, әйелдер қауымы молынан жиналған аталмыш концертте Таркан жанды дауыста ән шырқап қана қоймай, екі сағат бойына би де билеп әбден сел болып терлеу үстінде болды. Қара беторамалдан бірнешеуін алып шығып,  теріп сүртіп болған соң, халыққа лақтырып тұрды. Шуылдаған қыз қырқын онысын жерге түсірмей қағып алып шулап мәз.
          «Аталған концерт тек музыкалық оқиға ғана емес, сонымен қатар Қазақстан мен Түркия арасындағы мәдени алмасудың мерекесі»-, дейді  шараныңұйымдастырушылары. Биылғы жылы Түркия елінің мемлекетінің құрылғанына 100 жыл толуға байланысты екі ел арасында мәдени байланыс нығайа түскенді. Бұл концерт тек музыкалық мереке ғана емес, сонымен бірге екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға, мәдени байланыстарды кеңейтуге бағытталған шара болды.
                     Аида ҚОЖМАМБЕТОВА, Алматы.  

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...

ТАРТЫНА ТҰРСАҚ, ТУЫСҚАН!

        ...

Эвакуацияланғандар жатақханаларға көшірілді

        ...

КИЕЛІ МЕКЕН: ЖЕТІСУДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

        ...

ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАН КЕЛГЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ ҚАЗАҚСТАН ОҚУТУ ЖҮРГІЗУДЕ

        ...

ИНСУЛЬТ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

       Бас ...

БІЗДІҢ ҰЛАНЫМЫЗ АЙТУЛЫ БАЙҚАУДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ!

        ...

МЕЙІРГЕР – МЕДИЦИНАНЫҢ ЖАҢА МОДЕЛІ

        ...

ТЫНЫС ЖӘНЕ ЖҮРЕК ЖҰМЫСЫНЫНҢ ТОҚТАУЫНДАҒЫ КӨМЕК

        ...

ҚЫЗЫЛША АУРУЫ

       Қызылша ...