Deprecated: tie_mega_menu_walker::display_element(): Optional parameter $depth declared before required parameter $output is implicitly treated as a required parameter in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/theme-functions.php on line 1919 Deprecated: tie_mega_menu_walker::display_element(): Optional parameter $args declared before required parameter $output is implicitly treated as a required parameter in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/theme-functions.php on line 1919 Warning: Trying to access array offset on false in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150 ӨСКЕМЕНДЕ ҰЛТТЫҚ ҰЛАН САРБАЗЫ ТАҢҒЫ БАҒДАРЛАМА ЖҮРГІЗЕДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ӨСКЕМЕНДЕ ҰЛТТЫҚ ҰЛАН САРБАЗЫ ТАҢҒЫ БАҒДАРЛАМА ЖҮРГІЗЕДІ

ӨСКЕМЕНДЕ ҰЛТТЫҚ ҰЛАН САРБАЗЫ ТАҢҒЫ БАҒДАРЛАМА ЖҮРГІЗЕДІ

             Өскемен қаласындағы Ұлттық ұланның 5518 әскери бөлімінде мерзімді әскери қызметін өтеп жүрген Әділ Құттыбаев шығармашылыққа білетін әскери өмірмен ұштастырып келеді. Құқықтық тәртіп әскеріне шақырылмас бұрын Әділ өңірлік «Жетісу» телеарнасында журналист болып қызмет атқарып, бірнеше бағдарламаны тізгіндеген.
          — Ұлттық ұлан сапында жүргенімде жауынгерлік рухым артып, физикалық қабілетімді жетілдірдім. Әскери бөлімнің мерзімді әскери қызметшілері қала тыныштығын күзетуде ерлік пен батылдықтың үлгісін көрсетуде. Жыл басынан бері ұландықтар 120-дан астам қоғамдық тәртіп бұзушылықтың алдын алып, 50-ге жуық құқықбұзушыны полицияға тапсырды. Бұл нәтижелерге менің де қосқан үлесімнің бар екенін сезіну — зор қуаныш, — дейді мерзімді әскери қызметші Әділ Құттыбаев.
            Жауынгер бос уақытында да кәсібимамандығынұмытпай, журналистік қызметін жалғастыруда. Қазір ол Өскемендегі «ALTAI» аймақтық телеарнасында өтетін «Алтай таңы» атты таңғы бағдарламаның жүргізушісі.
          — Бүгінге дейін «Алтай таңы» бағдарламасының тоғыз шығарылымында жүргізуші болдым. Тікелей эфир барысында өскемендік әріптестеріммен тез тіл табысып кеттік. Бұл мен үшін тәжірибе алмасу ғана емес, сонымен бірге әскерде жүріп шығармашылықты жалғастырудың тамаша мүмкіндігі болды. Осындай қолдау көрсеткен әскери бөлім басшылығына шексіз алғыс айтамын, — дейді Әділ Құттыбаев.
           Қатардағы жауынгер алдағы уақытта әскери тақырыптағы жобалармен айналысып, мерзімді қызметін аяқтаған соң әскери журналистика саласында бағын сынауды жоспарлап отыр.
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

ЖАҢА БИЗНЕС-ИДЕЯЛАР ҮШІН ГРАНТТАРҒА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНУДА

        ...

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – ОРТАҚ МІНДЕТ

       Мақтаарал ...

2026 ЖЫЛДЫҢ БАСЫНАН БЕРІ 69 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СУБСИДИЯЛАНАТЫН ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ

        ...

АУЫЛҒА КЕЛГЕН МАМАНДАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ ЖАҢА ЗАҢ: ТИІМДІ БАСҚАРУҒА БАСТАР ҚАДАМ

        ...

ӘРБІР ТАМШЫ АҒЫН СУДЫ ҮНЕМДІ ЖҰМСАЙЫҚ!

        ...

БІЛІМ МЕН ТІЛ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫНЫҢ БЕРІК ТІРЕГІ

       Еліміздің ...

ЗАЩИЩЕНЫ ПРАВА ГОСУДАРСТВЕННЫХ СЛУЖАЩИХ

        ...