Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
IT СЕКТОРЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА ВЕКТОРЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Business » IT СЕКТОРЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА ВЕКТОРЫ

IT СЕКТОРЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА ВЕКТОРЫ

         Мемлекет басшысының Сингапур Республикасына сапары аясында Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жоғары лауазымды өкілдермен және жасанды интеллект, электрондық үкімет және телекоммуникация салаларының дамуына жауапты түрлі ұйымдардың басшыларымен бірқатар кездесулер өткізді.
        Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Сингапурдың Байланыс және ақпарат жөніндегі аға мемлекеттік министрі ДжанилПутучаримен және Сингапур мемлекеттік технологиялар агенттігінің төрағасы ГохВэйБунмен кездесті. Кездесудің мақсаты цифрлық технологиялар мен инновациялар саласында өзара тәжірибе алмасу және ынтымақтастық орнату болды. Сингапурдың GovTech агенттігінің жетекшілеріне Сингапурдың мемлекеттік секторын цифрлық түрлендіруге, мемлекеттік қызметтерді жақсартуға және инновациялық технологияларды енгізуге ықпал ететін отандық GovTech әзірлемелері ұсынылды.    
        Сонымен қатар жұмыс сапары аясында Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ең ірі байланыс операторы әдетте «Singtel» деген атпен белгілі «SingaporeTelecommunicationsLimited», сондай-ақ олардың технологияларды дамыту және цифрландыру салаларында үкіметтермен және кәсіпорындармен ынтымақтасатын жетекші технологиялық қызмет көрсететін компаниясы «NCS» атты ведомстволық бағынысты ұйымының басшысымен кездесу өтті.
      Мемлекеттік басқару және халыққа қызмет көрсету тиімділігін арттыру үшін цифрландыру және инновациялық технологияларды енгізу саласындағы Сингапурдың озық тәжірибесін енгізу жоспарлануда. Сингапурлық серіктестермен бірлескен жобалар Қазақстанда озық цифрлық шешімдерді әзірлеуге және енгізуге көмектеседі. Сондай-ақ цифрлық технологиялар мен инновациялар саласындағы қазақстандық мамандардың біліктілігін арттыру үшін мамандар алмасу бағдарламаларын ұйымдастыру және бірлескен семинарлар мен тренингтер өткізу мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.      
               Сонымен қатар, Жаслан Мәдиев Сингапурдың Ұлттық суперкомпьютер орталығының (NSCC) өкілдерімен кездесу өткізді. Компания басшылығы презентация жасап, компания өкілдері Сингапурдағы суперкомпьютерлік технологиялардың экожүйесі, қайта өңдеу және енгізу жұмыстары туралы айтты. NSCC тәжірибе алмасуға, консультациялар жүргізуге және қазақстандық экожүйеге қатысуға дайын екендіктерін білдірді.            Сонымен қатар, министр Жаслан Мәдиев AI Singapore басшылығымен кездесу өткізді. Тараптар экономика мен мемлекеттік басқарудың әртүрлі салаларында AI технологияларын әзірлеу және енгізу саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.
             «Біз AI Singapore-мен ынтымақтастыққа үлкен мән беріп, олардың тәжірибесін пайдалана отырып, Қазақстанда осы саланы дамытудың жаңа перспективаларын ашатын жасанды интеллект экожүйесін дамытуымыз керек. Бірлескен ғылыми жобаларды жүргізу, білім алмасу және қазақстандық мамандардың тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру туралы келісімге қол жеткізілді», —деді министр Жаслан Мәдиев.
 ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі.
 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ

        ...

ҰЛТТЫҚ БАСЫЛЫМ КҮНІ

        ...

МЫСЛИ ТЕРЗАЮТ НОЧАМИ…

ЕРІК ҚАЙРАТБЕКҰЛЫ ОМАРҒАЛИЕВ. Абай ...

«АБАЙ» ЖУРНАЛЫНЫҢ ОҚЫРМАНДАРЫНА ҮНДЕУ!

         ...

ТІЛДІ ДАМЫТУ, МӘДЕНИЕТ ПЕН РУХАНИЯТТЫ НЫҒАЙТУ, АҚПАРАТ САЛАСЫН ӨРКЕНДЕТУ – ЖАҢҒЫРУДЫҢ ӨЗЕГІ

        ...

Не прошли мимо: как войсковой наряд помог потерявшемуся школьнику

        ...

Бейжай қалмады: әскери жасақ адасып қалған оқушыға көмек көрсетті

        ...

«АРАЙЛЫ КҮНІМ — АЗАТТЫҚ!» ЖАС АҚЫНДАР АЙТЫСЫ

     2025 жылдың ...

МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫ ЖИЫН-СЕМИНАРЫ МЕН МЕРЕКЕЛІК ШАРАСЫ ӨТТІ

        ...

«ЖАС ҰРПАҚ ЖӘНЕ АБАЙ МҰРАСЫ» ТАҒЫЛЫМДЫ ФОРУМЫ ӨТТІ

        ...