Home » PRESS RELEASE » News » «БЕЙМЕЗГІЛ ЖЫРЛАР»

«БЕЙМЕЗГІЛ ЖЫРЛАР»

         2008  жылы 2  желтоқсанда Өскемен қаласында дүниеге келген Ерланов Әлижан Қуанышұлы, осы қаладағы «І.Айтықов ауылы» мектебінде  бастауыш сыныпты тамамдап, 5 – сыныптан бастап   «Дарынды балаларға арналған Ш.Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернатына»  қабылданды. Бүгінде ол «Жас Ұлан» Лицейінің 92 – топ ұланы.
        Жетістіктері:
      Республиқалық «Мағжан оқуларынан» бас жүлдені,  Семей қаласында өткен Облыстық «Тәуелсіздікке тағзым» жас ақындар жыр мүшайрасынан І– орын,  Өскеменде өткен  «Мәңгілік Ел» додасынан  және лицейішілік «Абай оқуларынан»,«Хакім Абайға арналған өлең»  сайыстарынан  ІІ- орындарды иеленді.  Республикалық «Ақберен» ЖАС ДАРЫН оқушыларға арналған Жобасының Облыстық кезеңінен, Республиқалық «Ілияс оқуларынан», Өскеменде өткізілген «Талғат Бигелдинов» атындағы дарындар сайыстарының сертификаттарымен марапатталды. Дарынды жас ақынның тағы басқа да Олимпиада – Конкурстардан көптеген жетістіктері бар. 
       Әлижан Қуанышұлы – «Тастүлек» жас ақындар үйірмесінің талапты да талғамды шәкірті.  Өлеңге, аппақ мұнтаздай нәзік жаны қаршадайынан құштар. Бұл да, Жаратқанның бойға дарытқан ғажап сыйы болар. Содан ба, жас ақынның бойында жазба ақындық қасиеті тіптен ерекше. Өлеңді – сирек  талғап, толғап барып, ойланып бірақ жазады. Тақырыптық ауқымы да өте кең алапты.
«Беймезгіл» жыр жинағының авторы. Ақындық айпара аппақ ғаламына ұстаздық ізгі ниетпен сәттілік тілейміз!  
Жетекші – ұстазы: Омарғалиев Ерік Қайратбекұлы.

СЕМЕЙІМ

Бұл өлкеде алыптардың ізі қалған.
Бұл өлкеге жұмбақ жанар қызығар жан.
Әннен, жырдан, перзенті алқа тағып,
Жүрек үнін тұңғиық үзіп алған.

 

Бастауындай тұнықсың өлеңімнің,
Асқағындай биіксің мерейімнің,
Дастаныңдай жырлаймын, рух тұтанып,
Аспанында шырақтай СЕМЕЙІМНІҢ!

 

Алашымның өзіңсің ордасы да.
Мақтан бізге, тағылым, ол да, сірә!
Асылдардың сөзіндей салмағы бар,
Басылғандай өшпейтін мөр – ғасырға!

 

«Киелі мекен» саятын төр – ұғымы.
Қасиетті саналған зеңгір жыры…
Кеудемдегі жұмыр ет жырлап өтер,
Семей деген жәннаттың жерұйығы!

ҰЛЫЛЫҚ ШЫҢЫ

(Хакім Абайға)

Қалдырған өсиетін ұғып білдім.
Сөзі – тұма, бастауы – тұнық сырдың.
Абай – Хәкім, Әлемге шуақ шашқан,
Парасат  «ақыл нұрдың» шығып шыңын.

 

Киесі өзі қазақтың – данасы да,
Жыры  тұмар  тараған даласына.
Шыңғыстаудың бауырын жырмен тербеп,
Айналған ақындардың дарасына.

 

…Қалам сермеп жыр жаздым, баба, бүгін.
Қуатынан нәр алып қаламыңның.
Айдай  әлем мойындап, тағзым еткен,
Ғасырларға жалғасар сара жырың!

 

ДОМБЫРА

Үні есіп  құлағыма,
Даламның  күйін құйған.
Ән есіп  шанағынан,
Төгеді  күмбір жырдан.

 

Бабамның  саф  көзіндей.
Сарқылып  мұра  жеткен.
Бағзыдан  жетті  үзілмей.
Әсем күй жан тербеткен.

 

Сенде  ғой  бар  қазына,
Сөйлесін  тоғыз  перне.
Елімнің  мұң-зарына,
Қағып-ау,  қағыс  беу-ле.

 

Қос  ішегің  арман  жолы.
Сиқырлы  пернең  ұлық.
Домбырам, бабам – үні,
Тұр мәңгі  төрде  ілініп!

АНА ТІЛІМ, АРДАҒЫМ

«Тілім сенің!»  құдіретің неткен деп,
Жүрек сырын оңашада шерткем көп.
Жұдырықтай жүрегімде жыр болып,
Төгілетін  дала – тілім көктем боп.

 

Бізге өнеге өткен күннің мұрасы.
«Сен, тілім ғой!» – ғасырлардың куәсі.
Батырлардың көзі едің расы.
Ақындардың өзің едің шұғасы.

 

 Ана тілім! Тұр кеудемде күйік боп.
Толғанамын, түндерде мен, жыр үттеп…
 Ана тілім, ардағым ең, асылым,
Абыройың асқақтасын биіктеп!

ҒАРЫШКЕР

(Тоқтар Әубәкіровке арнау)

Қыраны қазағының қалықтаған.
Қайтпайтын рухы биік шарықтаған.
Тудырған азаматын туған елі.
Не деген қасиетті алып далам.

 

Атанып бала жастан құсқанатты.
Жұмсаған арманына күш – тағатты.
Жер әлем тамсады ғой,  Әубәкіров –
Зымыранмен ғарышқа ұшқан шақты.

 

Мақтанып, біз айтамыз, міне, осыны.
Жатыр-ау, шын қайраттың түгел сыры…
Сарырарқаның саңлақ ұлы, ғаламға ортақ,
Ашқан ғылыми жаңалық сын – ерлігі.

 

Самғапты ғарыштың да кеңісінде.
«Аңыз тұлға» – ол, рас, ел ішінде.
Халықтың Қаһарманы – Тоқтар ұшқыш.
Сый – құрмет бөлек оған сол үшін де.

 

Шыңында тұрған сынды бақ – үстемнің.
Жүректен тулап жалын жыр үстермін.
Қазақтың мәңгі жанған Шоқжұлдызы.
Құс жолы – жарық, әне, Ғарышкердің!

 

СЕЗІМ СЫҢҒЫРЫ

Ғашықпын, мен, ғашықпын,
Көруге сені,  асықпын.
Ақын – жүрек  лүпілдеп.
 Сезімді бойдан  тасыттың.

 

Күндіз, түнде,  ұйқысыз.
Махаббатым шын кірсіз.
 Бірден мені  баураған,
Ғайыптан түскен сиқырсыз…

 

Періште дедім Өзіңді.
Мөлдіреген  көзіңді.
 Хат қып жазып, ұшырдым,
Айта алмаған  сезімді.

 

ЖАС ҰЛАНЫМ – МАҚТАНЫШЫМ

Салтанатты шеруім де –
Махаббатты – «Отан» білген.
Мархабатпен, сенің күнде –
Қатарыңда ер атандым мен.
Жас Ұланым – мақтанышым!

 

Тыныштықтың мысалындай,
От пен суға түсіп, күйем.
Рәміздерім, ұшпағымдай,
Көк туымды құшып сүйем.
Асылық емес, айтқаным шын!

 

Жас Ұландар, жас қырандар,
Жігері от, һас ұландар,
Тұғыр болған  туған елге,
Жүрегімде  асыл  ән бар.

 

Қазақ дана, азат дара,
Қорғаймыз біз ұлтымызды.
Кең байтақ жер, ғажап, қара,
Жанып намыс рухымызды.

 

Сарбаздары Жас Ұланның,
Сайболаттай берік мығым.
Жарқылдарын, жасындардың,
Көздерінен көріп тұрмын.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...

ТАРТЫНА ТҰРСАҚ, ТУЫСҚАН!

        ...

Эвакуацияланғандар жатақханаларға көшірілді

        ...

КИЕЛІ МЕКЕН: ЖЕТІСУДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

        ...

ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАН КЕЛГЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ ҚАЗАҚСТАН ОҚУТУ ЖҮРГІЗУДЕ

        ...

ИНСУЛЬТ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

       Бас ...

БІЗДІҢ ҰЛАНЫМЫЗ АЙТУЛЫ БАЙҚАУДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ!

        ...

МЕЙІРГЕР – МЕДИЦИНАНЫҢ ЖАҢА МОДЕЛІ

        ...

ТЫНЫС ЖӘНЕ ЖҮРЕК ЖҰМЫСЫНЫНҢ ТОҚТАУЫНДАҒЫ КӨМЕК

        ...

ҚЫЗЫЛША АУРУЫ

       Қызылша ...