Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

         «Мақтаарал» мәдениет үйінде Кеңес әскерлерінің шектелген контингентінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылғанына биыл 35 жыл толуына орай салтанатты іс-шара өтті.

         Зұлмат соғыс уақытында майданда ерлікпен көз жұмған қаруластарын бір минут үнсіздікпен еске алумен басталған бұл жиынды – ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Түркістан облысы бойынша Департаменті, Мақтаарал ауданы бойынша шекара басқармасының бастшысы, подполковник А.Аяғанов,  Жетісай және Мақтаарал аудандарының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің басшысы, подполковник А.Қабыловтар ашып беріп, ауған соғысы ардагерлерін құттықтап, жұмыстарына табыс тіледі.

       «Ауған соғысының тарихи мағыналық ақиқатын ашу, тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ету, бүгін өзімізбен бірге елінің көсегесін көгертуге атсалысып жүрген ардагер жауынгерлерді қадірлеп, құрметтеу — біздің қасиетті борышымыз!» – деді, Е.Базарбаев. Сондай-ақ, жиында соғыс ардагерлерінің басынан кешкен қиындықтары туралы айтылып, ержүрек ағалардың батырлығы кейінгі ұрпаққа үлгі екені атап өтілді.
         Салтанатты іс-шара барысында ардагерлер мерекелік арнайы төс белгісімен марапатталып, оларға аудан әкімі Б.Асановтың құттықтау хаты табысталды.

        Мерекелік іс-шара мәдениет үйінің өнерпаздары ұйымдастырған концертпен жалғасын тауып, онда өнерпаздармен бірге соғыс ардагерлері де отты жылдардағы әндерді шырқады.
       Шара соңында арнайы дайындалған еске алу асы «Әйгерім» тойханасында берілді.
Өз тілшімізден.
 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

Әрбір дауыс – жауапкершілік, әрбір таңдау – болашаққа қосылған үлес

        ...

ЖАҢА ҚОНЫС ИЕЛЕРІНЕ ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

        ...

ЕРІКТІ ҚОНЫС АУДАРУҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ КҮШЕЙТІЛДІ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА САЯСИ МОДЕЛІ: ҚОҒАМ НЕ ҰТАДЫ?

       Қазақстан ...

РУХАНИ МҰРАНЫ ҰЛЫҚТАҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ

        ...

ӨЗ ТАҢДАУЫҢ – ӨЗ БОЛАШАҒЫҢ!

       Ағымдағы ...

МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР БОЙЫНША I ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ

        ...

ӨЗ ТАҢДАУЫНДЫ ЖАСА!

       Әрбір ...

ӘРБІР ДАУЫС МАҢЫЗДЫ, ӘРБІР ТАҢДАУ ҚҰНДЫ!

        ...

ЖАС ҰРПАҚТЫҢ ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫНА БАҒЫТТАЛҒАН МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

        ...