Home » Әлеумет » БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

            Жетісай ауданы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» КММ ұйымдастыруымен Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрында аудан тұрғындарына арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті.
             Осы шараға аудан әкімінің орынбасары Серік Пірімбеков, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әділхан Әбжанов, «Жұмыспен қамту орталығы» КММ директоры, аудандық мәслихат депутаты Жұмағали Төреқұл қатысып, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының» мақсаты мен бағыт-бағдарын түсіндірді. Атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен таныстырып, тиімділігіне тоқталды.
              «Аталмыш бағдарлама аясында еңбек күші жетіспейтік Солтүстік өңірлерге қоныс аударған жерлестеріміз тұрақты жұмыспен, баспанамен қамтылып, бір реттік жәрдемақыларға қол жеткізіп отыр. Бүгінгі жәрмеңке де «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы» аясында жыл басынан бері өткізіліп отырған төртінші ауқымды жәрмеңке» дейді Жетісай ауданы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» КММ директоры Жұмағали Төреқұл.
            Халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту, сонымен қатар, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын көрсету, жұмыссыздар мен Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу мақсатында қабылданған бағдарлама негізінде ұйымдастырылған жәрмеңкеге Солтүстік Қазақстан және Петропавл облыстарының аудандарынан, Жетісай ауданынан 500-ге тарта бос жұмыс орындары ұсынылған. Жәрмеңкеге аудандағы жұмыссыз азаматтар ғана емес жоғары және арнаулы оқу орындарының бітіруші курс студенттері де қатысты. Өздерін қызықтырған аудандар бойынша мамандықтарына қатысты мағлұматтар алды.
             «Біз бүгін осындай ауқымды жәрмеңке болатынын есітіп, Асықата кентіндегі №15 колледжінің биылғы бітіруші студенттерін алып келдік. Бізде оқытылатын мамандықтар бойынша қай аудандарға жұмысшы күші ұажет екенін, Солтүстікке барғандағы баспана мәселесін, тұрақты жұмыс, жалақы мәселесін мамандардан толық сұрап білдік. Бос жұмыс орындарын ұсынған мекемелердің байланыс телефондарын да алдық. Жалпы, бізге ұнады, барынша студенттеріміздің арасында біз де түсіндіру жұмыстарын жүргізетін боламыз» деді жәрмеңкеге арнайы қатысқандардың бірі, №15 колледжінің оқыту-өндірістік шебері Бағалы Нұрмаханбетов.
         Бүгінде еңбек күші жетіспейтін өңірлерге облыс бойынша 1792 мүшесі бар 412 отбасы көшкен болса, соның 48 отбасындағы 192 азаматы жетісайлықтар. Жыл басынан бері жетісайлық 15 отбасы Солтүстік Қазақстан, 6 отбасы Шығыс Қазақстан, 25 отбасы Павлодар және 2 отбасы Қостанай облыстарына қоныс аударған.
Бауыржан НАЙМАНОВ,
Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...

ТАРТЫНА ТҰРСАҚ, ТУЫСҚАН!

        ...

Эвакуацияланғандар жатақханаларға көшірілді

        ...

КИЕЛІ МЕКЕН: ЖЕТІСУДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

        ...

ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАН КЕЛГЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ ҚАЗАҚСТАН ОҚУТУ ЖҮРГІЗУДЕ

        ...

ИНСУЛЬТ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

       Бас ...

БІЗДІҢ ҰЛАНЫМЫЗ АЙТУЛЫ БАЙҚАУДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ!

        ...

МЕЙІРГЕР – МЕДИЦИНАНЫҢ ЖАҢА МОДЕЛІ

        ...

ТЫНЫС ЖӘНЕ ЖҮРЕК ЖҰМЫСЫНЫНҢ ТОҚТАУЫНДАҒЫ КӨМЕК

        ...

ҚЫЗЫЛША АУРУЫ

       Қызылша ...