Home » PRESS RELEASE » News » АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ ТОБЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ ТОБЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

         Шығыс өңірлерде Ұлттық ұланның ақпараттық-насихаттық тобы өз жұмысын бастады
         Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Марат Ахметжанов пен Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Еркін Ботақановтың шешімімен Абай, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарына Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының Тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары генерал-майор Қайрат Үмбетов бастаған ақпараттық-насихаттық топ жөнелтілді.Ақпараттық-насихаттық топ ең әуелі атбасын Өскеменге бұрып, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаевпен кездесу өткізді.
        Шұғылалы Шығысқа аттанған ақпараттық-насихаттық топ сабындағы Ұлттық ұлан Ән-би ансамблі алдымен 10 шілде күні Өскемен қаласындағы 5518 әскери бөлімінде өзінің «Ұлттық ұлан – ұлт рухы» концертін өткізді.
        Сахна шымылдығы ашылысымен концертті тамашалауға келген әскери бөлім офицерлері және сержанттар мен сарбаздар алдындаҰлттық ұлан Бас қолбасшысының Тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары генерал-майор Қайрат Үмбетов:«Біздін мақсатымыз – әскери қызметшілер мен азаматтық жастарды қазақстандық патриотизм мен конституциялық борышқа адалдык рухында тәрбиелеу, Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұланның имиджін нығайту,азаматтардың әскериқызметшілерге, олар орындайтын кызметтік-жауынгерлік міндеттерге деген оң көзқарасын қалыптастыру. Осы мақсатпен сіздерге де соғуды жөн көрдік. Сондай-ақ осы осы залға жиналған 5518 әскери бөлімінің сарбаздарын алғашқы әскери дайындық оқуын аяқтауларымен құттықтаймын. Отан алдындағы міндеттеріңізді Ұлттық ұлан қатарында, құқықтық тәртіп әскері құрамында абыроймен атқарасыздар деп сенемін. Ұлттық ұлан сапында қызмет ету абыройлы міндет. Жақын күндері Әскери ант қабылдайсыздар. Кейінгі өмірлеріңізді Ұлттық ұланмен байланыстыруға үлкен мүмкіндіктер бар. Ал бүгінгі концерт сіздерге рухани азық болатыны сөзсіз. Сіздерге Ұлттық ұлан қатарында әскери борышын өтеген, бүгінде Ән-би ансамлінде өнер көрсететін әскери қызметшілердің әзірлеп әкелген номірлерін ұсынамыз»,- деп жұртты желпінтті.
           Осыдан кейін өнерпаздар офицерлер мен сержанттарға және сарбаздарға әннен шашу шашылып, «Ұлттық ұлан», «Құсни Қорлан», Біздің елдің жігіттері», «Аузынан айдың түскен қыз», «Мағжан сенген жастармыз», «Қазақстан», «Елім-ай», «Туған жер» және «Елдің қорғаны» әндері орындалды. Хор жігіттері шырқаған әндер де көрермен көңілінен шықты. Сарбаздар биші қыздарға ықылас гүлін силап, әншілерден қошеметін аямады. Патриоттық әндер айтылғанда бәрі де орындарынан тұрып, еліміздің көк байрағын желбіретіп тұрды.

        Ертеңгісін  Ұлттық ұланның ақпараттық-насихаттық тобын ШҚО-ға бастап келген Халық қаһарманы генерал-майор Қайрат Үмбетовзапастағы полковник Айдар Оразбаев және ШҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Медет Бердімұратовтармен бірге бір топ өнерпаздарды жанына ертіп, Глубоковский ауданы Солнечное кентіндегі қарттар үйіне бас сұғып, ондағы бұрынғы әскери қызмет ардагерлерімен кездесті.
          Халық қаһарманы генерал-майор Қайрат Үмбетов ардагер қариялардың хәл-жағдайымен танысып, Астана күні мерекесімен құттықтады.
          Сондай-ақ генерал-майор Қайрат Үмбетов Шығыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Өскемен арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне арнайы әкелген сыйлығын қарттар үйінің директоры Ерболат Ошақбаевқа тарту етті.
         Жылы лебізге толы жүздесу концерттік бағдарламамен жалғасты.
Әбіл-Серік Әбілқасымұлы Әліәкбар,
әдебиеттанушы-журналист, Семей қаласы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

22 СӘУІР – АЛТЫН АДАМ КҮН!

Алтын адам алтын тұлға ...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...

ТАРТЫНА ТҰРСАҚ, ТУЫСҚАН!

        ...

Эвакуацияланғандар жатақханаларға көшірілді

        ...

КИЕЛІ МЕКЕН: ЖЕТІСУДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

        ...

ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАН КЕЛГЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ ҚАЗАҚСТАН ОҚУТУ ЖҮРГІЗУДЕ

        ...

ИНСУЛЬТ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

       Бас ...

БІЗДІҢ ҰЛАНЫМЫЗ АЙТУЛЫ БАЙҚАУДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ!

        ...