Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
Семейге Түркістан облысынан 540 тоннадан астам өнім жеткізілді - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » Семейге Түркістан облысынан 540 тоннадан астам өнім жеткізілді

Семейге Түркістан облысынан 540 тоннадан астам өнім жеткізілді

        Абай облысында Абайдың 180 жылдығына арналған онкүндік мерейтойлық шаралар легі жалғасуда. Бүгін онкүндіктің екінші күнінде Семей қаласындағы «Арена» мәдени-спорттық кешені аумағында Түркістан облысының мәдени күндері басталды. Екі күнге созылатын бұл іс-шара қос облыс арасындағы ынтымақтастық негізінде оңтүстік өңірден тойға тарту ретінде ұйымдастырылып отыр.

        Мәдени күндер аясында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ашылды. Түркістан өңірінің табиғи әрі сапалы өнімдері нарықтағыдан төмен бағамен саудаланып жатыр. Жәрмеңкеге Түркістан облысынан 540 тоннадан асатын, 40-қа жуық өнім түрлері жеткізілді. Оның ішінде 194 тонна картоп, 81 тонна бау-бақша өнімдері, 71 тонна жеміс-жидек, 167 тонна сүт өнімдері, бал, шырын, шұжық, жұмыртқа сынды жергілікті қайта өңделген өнімдер бар. Әсіресе дәмі тіл үйіретін Мырзашөлдің қауыны мен Шардараның қарбызына сұраныс көп болды.
       Түркістан облысының мәдени күндері аясында қолөнер шеберлерінің көрмесі де ашылды. Мұнда ағаштан, киізден, қыштан жасалған бұйымдар, тоқыма кілемдер, зергерлік әшекейлер мен түрлі кәдесыйлар жұртшылық назарына ұсынылуда. Сондай-ақ мәдени күндер аясында киелі Түркістаннан арнайы келген «Тұмар» этно-фольклорлық ансамблі, «Фараб» би ансамблі, «Сарын» тобы мен Ш.Қалдаяқов атындағы филармонияның әншілері жәрмеңке мен көрмеге жиналған жұртшылыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлауда.
        «Бүгінгі шара жоғары деңгейде ұйымдастырылған, халыққа ыңғайлы жасалған. Қалада тұратын көп адамның саяжайы жоқ, өз өнімін өсірмейді. Мұндай жәрмеңкелер тұрғындарға аса қажет. Бағалар да қолжетімді, базардағыдан әлдеқайда арзан. Тұрғындар көп келіп жатыр, бәрі риза. Осындай шаралар жиі өтіп тұрса деген тілегім бар», – деді қала тұрғыны Сағдат Сыздықбаева.
         Іс-шара өтіп жатқан аумақта төрт павильоннан тұратын фудкорт аймағы да жұмыс істеп тұр.
         Түркістан облысының мәдени күндері аясындағы ұйымдастырылған шараға облыс әкімі Берік Уәли келіп, жәрмеңке мен көрмені аралап, өнерпаздардың өнерін тамашалады. Абай облысының тұрғындары атынан Түркістан облысының басшылығына, ұйымдастырушыларға, барлық қатысушыларға алғысын жеткізді.
         «Түркістан түркі дүниесінің рухани астанасы ғой. Семей – алаштың алғашқы астанасы. Екі рухани өңірдің бауырластығы, ынтымақтастығы қуантады. Ең бастысы, мұнда баға қолжетімді. Жәрмеңкенің үлкен мерейтойдың кезінде ұйымдастырылғанын халық жақсы қабылдап жатыр. Бұл шара Шығыс пен оңтүстіктің арасын жалғаған алтын көпір болды. Халыққа қажет осындай жәрмеңкелерді алдағы уақытта да ұйымдастыру үшін әріптесім Нұралхан Көшеровке тұрғындардың өтінішін айтып, қолқа салатын боламыз» деді аймақ басшысы.
        Жәрмеңкені ұйымдастырушылар өнімдерге халық тарапынан сұраныстың жоғары болғанын айтты.
         «Абай өңірі, Семей халқы бізді жылы қабылдап жатыр. Талай жәрмеңкелерді ұйымдастырып жүрміз. Бірақ халықтың мынадай ықыласын бірінші рет көріп тұрмыз. Таңғы сағат 7-ден бастап жиналып, өнімдерімізді алып жатыр», – деді Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Ермұхамбет Құралбеков.
          Айта кетейік, Түркістан облысының мәдени күндері ертең де жалғасады.
АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...