Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
ҰЛЫ АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ АТАЛЫП ӨТТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ҰЛЫ АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ АТАЛЫП ӨТТІ

ҰЛЫ АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ АТАЛЫП ӨТТІ

        Жетісай қаласындағы Абай гүлзарында – қазақтың ұлы ақыны, ағартушы, философ, композитор, аудармашы, орыс және еуропа мәдениетімен үндесу арқылы ұлттық руханиятқа тың серпін берген ұлтымыздың бетке ұстар реформаторы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған рухани-мәдени іс-шара болып өтті.

       Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Абайдың 180 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде атап өтуді тапсырғаны белгілі. Осыған орай ұйымдастырылған шараның мақсаты – ұлы ойшылдың рухани мұрасын кеңінен насихаттау, жастарды Абайдың идеяларымен тәрбиелеу, ақын шығармашылығын халық арасында дәріптеу болды.
        Салтанатты мәдени іс-шараға Түркістан облысы мен Шымкент қаласынан арнайы келген журналистер делегациясы қатысты. Олар мерейтой аясында Президент тапсырмасы негізінде құрылып жатқан Абай институтының жұмысына қолдау көрсету және ақын мұрасын кеңінен насихаттауға үлес қосуды мақсат етті.
        Осы іс-шара аясында өңіріміздің  зиялы қауым өкілдері Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Аудан әкімі С.Мамытов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Махамбетов және Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, Қазақстан Журналистика академиясының академигі Дулат Әбіш сөз сөйлеп, аудан тұрғындарын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығымен құттықтады.
        Салтанатты кеште Жетісай аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары Абайдың әндері мен күйлерін орындап, көрермендерге рухани ләззат сыйлады. Сонымен қатар, Жетісай орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің оқырмандары ұлы ақынның қара сөздері мен өлеңдерін нақышына келтіре оқып, жиналған жұртшылыққа әсерлі өнер тарту етті.
Сатыбалды ЖҮНІСБЕКОВ,
меншікті тілші.
Жетісай ауданы

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ

        ...

ҰЛТТЫҚ БАСЫЛЫМ КҮНІ

        ...

МЫСЛИ ТЕРЗАЮТ НОЧАМИ…

ЕРІК ҚАЙРАТБЕКҰЛЫ ОМАРҒАЛИЕВ. Абай ...

«АБАЙ» ЖУРНАЛЫНЫҢ ОҚЫРМАНДАРЫНА ҮНДЕУ!

         ...

ТІЛДІ ДАМЫТУ, МӘДЕНИЕТ ПЕН РУХАНИЯТТЫ НЫҒАЙТУ, АҚПАРАТ САЛАСЫН ӨРКЕНДЕТУ – ЖАҢҒЫРУДЫҢ ӨЗЕГІ

        ...

Не прошли мимо: как войсковой наряд помог потерявшемуся школьнику

        ...

Бейжай қалмады: әскери жасақ адасып қалған оқушыға көмек көрсетті

        ...

«АРАЙЛЫ КҮНІМ — АЗАТТЫҚ!» ЖАС АҚЫНДАР АЙТЫСЫ

     2025 жылдың ...

МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫ ЖИЫН-СЕМИНАРЫ МЕН МЕРЕКЕЛІК ШАРАСЫ ӨТТІ

        ...

«ЖАС ҰРПАҚ ЖӘНЕ АБАЙ МҰРАСЫ» ТАҒЫЛЫМДЫ ФОРУМЫ ӨТТІ

        ...