Warning: Trying to access array offset on false in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150 ҚР САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ ВИЦЕ-МИНИСТРІ МАҚТААРАЛДА - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » ҚР САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ ВИЦЕ-МИНИСТРІ МАҚТААРАЛДА

ҚР САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ ВИЦЕ-МИНИСТРІ МАҚТААРАЛДА

        Мақтаарал ауданында Қазақстан-Өзбекстан шекарасы бойынан «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығын құру жоспарланып отыр. Аталған орталықты «Атамекен» кеден бекеті мен «Сырдария» кеден бекетінің маңынан құруға ұсыныстар берілген болатын.  
          ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев Мақтаарал ауданына жұмыс сапарымен келіп, орталықты құруға таңдалған жер телімдерімен танысты. Аудан әкімі Бақыт Асанов «Атамекен» кедендік бекетінің маңындағы 50 гектар жер туралы айтып өтіп, аталған жерге электр, газ, ауыз су жүйелерін жеткізу бойынша жоспарларымен бөлісті. Сонымен қатар, көліктік инфрақұрылымның жай-күйі, туындап жатқан мәселелер жайлы да кеңінен мәлімдеді.
       «Атамекен» кеден бекетінің транзиттік және басқа да көліктерді өткізу қабілеті төмен екенін атап өтеміз. Аталған жағдай көліктердің шекарада ұзақ тұрып қалуына, көлік кептелістерінің туындауына алып келіп, бұл мәселелер жергілікті тұрғындардың наразылығын тудыруда. Сондықтан, құрылуы жоспарланып отырған халықаралық орталықтың бойымен ұзындығы 6,5 шақырымды құрайтын IV техникалық санаттағы жол құрылысын жүргізу қажет. Жолдың құрылысына мемлекет мұқтажына алынатын жер телімдерінің құнын қоспағанда шамамен 2 миллиард теңге қаржы қажет етіледі» — деді Бақыт Насырханұлы.
         Аудан басшысы негізінен «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығын «Сырдария» шекара өткізу бекетінен құру ыңғайлырақ екенін түсіндірді. Өйткені, бұл жерден М-39 «Ташкент-Термез» халықаралық автомобиль жолы өтетінін, сондай-ақ тиісті инфрақұрылымдарды тарта отырып өнеркәсіптік және сауда-саттық орындарын ашуға, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарының ашылуына жол ашылатынын атап өтті.
        Аудан әкімі вице-министрден 2023-2024 жылдары жоспарланып отырған «Атамекен» кеден бекетін модернизациялауға жұмсалатын қаржыны «Сырдария» кеден бекетіне жұмсалуына, «Мақтаарал-Дарбаза» темір жолын Атамекен кеден бекетінен «Сырдария» шекара өткізу бекетіне дейін тартылуына ықпал жасауды сұрады.
       Жиын соңында вице-министр Қайрат Төребаев жағдаймен толық танысып, аладғы уақытта айтылған ұсыныстарды сараптайтынын жеткізді. Сондай-ақ, аудандағы темір жол жүйесінің жай-күйімен танысты.
Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

2028 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕПТЕРДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ТАПСЫРЫСЫНА 760 МЛРД. ТЕҢГЕ БӨЛІНЕДІ

      Жекеменшік ...

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

ЖАҢА БИЗНЕС-ИДЕЯЛАР ҮШІН ГРАНТТАРҒА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНУДА

        ...

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – ОРТАҚ МІНДЕТ

       Мақтаарал ...

2026 ЖЫЛДЫҢ БАСЫНАН БЕРІ 69 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СУБСИДИЯЛАНАТЫН ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ

        ...

АУЫЛҒА КЕЛГЕН МАМАНДАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ ЖАҢА ЗАҢ: ТИІМДІ БАСҚАРУҒА БАСТАР ҚАДАМ

        ...

ӘРБІР ТАМШЫ АҒЫН СУДЫ ҮНЕМДІ ЖҰМСАЙЫҚ!

        ...

БІЛІМ МЕН ТІЛ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫНЫҢ БЕРІК ТІРЕГІ

       Еліміздің ...