Warning: Trying to access array offset on false in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150 «АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » «АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

         Қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызы, дана ойшыл Абай Құнанбайұлының есімі – халқымыздың рухани асқарына айналған. Оның әрбір өлеңі, әрбір қара сөзі – мәңгілік бағдаршам, ұрпаққа өсиет. Сондықтан, «Абай тойы» – тек бір ақынның мерейтойы емес, күллі қазақ халқының рухани мерекесі, ұлттық бірліктің мәртебелі алтын айғағы.
          Биыл, Хакімнің «180 жылдық мерейтойы»  республика көлемінде кеңінен  аталып өтті. Бұл той – өткенді ұлықтап, болашаққа бағдар жасайтын, ұрпақтың жүрегіне Абай даналығын ұялата түсетін тағылымы мол рухани шара болды деп толыққанды айтуға негіз бар…
        Хакім Абайдың мерейтойына орай еліміздің түкпір-түкпірінде ғылыми конференциялар, әдеби кештер, мәдени-рухани бағдарламалар ұйымдастырылып, халық рухани қуанышқа бөленді. Әлемдік деңгейде де Абайдың есімі асқақтап, адамзатқа ортақ ойшыл ретінде дәріптелді.
       Бұл мерекелі күнде біздің Бородулиха ауданы да шет қалмай, Абайға деген құрметін нақты ісімен көрсете білді. Ауданнан 12 киіз үй тігіліп, халыққа ұлттық салт-дәстүріміздің сән-салтанаты паш етілді. Киіз үйлердің іші  қатпарлы шежіреге, өнегелі өнерге, ақ  дастарханға толып, келген қадірлі қауым — қонақтар қазақы қонақжайлықтың дәмін татты.
         Елді дүр сілкіндірген аламан бәйге де осы мерейтойдың көркіндей болғаны рас.
           Аламан бәйгеден бастап ұлттық ойындар тартысқа толы өткізілді. Жеңімпаз жүйріктің иесіне автокөлік тарту етілуі – халықтың шаттығын еселей түсті. Бұл – «Абай тойының» абыройын асқақтатқан айрықша сәт. Айта кетейік, «Бас бәйгені» тарту еткен — Бородулиха ауданы. Сонымен бірге,  ауданымыздың түрлі  мекеме қызметкерлері де, өнерпаздары да мерекелік шараға белсене араласты. Ән мен күйден шашу шашылып, жыр мен  терме әуелеп, Абайдың рухани әлемі халықпен қайта қауышқандай әсер қалдырды.
        «Абай тойы» – қазақ елінің тойы. Ол – дана ойшылдың мұрасын дәріптеп қана қоймай, ұрпаққа үлгі, халыққа рух беретін айтулы мереке.
          Бородулиха ауданының қосқан  үлесі – елдің бірлігі мен еңбегінің айғағы.
         Осы орайда, хакім Абайдың «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» деген жан айқайы бүгінгі ұрпақтың жүрегінде жаңғырып, елін сүйген, білімге құштар, рухани биік ұрпақ тәрбиелеуге бастайтындай көрінеді.
        Абай тойы – халық рухының салтанаты!
    Мейрамгүл АТАЕВА,
Абай облысы, Бородулиха ауданының
«Мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығының» директоры.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1  

АБЫЛАЙ ФЕНОМЕНІ

«Алыстан орыс, қытай – ...

САЙЛАУ МАТЕРИАЛДАРЫН ЖАРИЯЛАУ АҚЫСЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ: БАСТЫ ТАЛАПТАР МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕР

2026 жылғы 23 тамызда ...

БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ БАСТЫ КЕПІЛІ

        ...