Deprecated: Optional parameter $depth declared before required parameter $output is implicitly treated as a required parameter in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/theme-functions.php on line 1919

Deprecated: Optional parameter $args declared before required parameter $output is implicitly treated as a required parameter in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/theme-functions.php on line 1919

Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН КООПЕРАЦИЯ - АУЫЛ ДАМУЫНЫҢ КІЛТІ", БИОГУМУС ӨНІМІ ТУРАСЫНДА ДӘРІС–ЖИЫНЫ ӨТТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН КООПЕРАЦИЯ — АУЫЛ ДАМУЫНЫҢ КІЛТІ», БИОГУМУС ӨНІМІ ТУРАСЫНДА ДӘРІС–ЖИЫНЫ ӨТТІ

АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН КООПЕРАЦИЯ — АУЫЛ ДАМУЫНЫҢ КІЛТІ», БИОГУМУС ӨНІМІ ТУРАСЫНДА ДӘРІС–ЖИЫНЫ ӨТТІ

         Бүгін, «Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалының ұйымдастыруымен Шәкәрім университетінің «Агро-факультетінің» ғимаратында Агроөнеркәсіп саласының ұстаздары мен студенттері қатысқан «Агроөнеркәсіп кешеніндегі жаңа технологиялар мен кооперация – ауыл дамуының кілті» атты кездесуде бас қосты. Жиынның мақсаты – ауыл шаруашылығын заманауи технологиялар арқылы дамыту, кооперацияны кеңейту және ауыл экономикасын нығайту.
       Кездесу барысында, партия өкілі Е.Омарғалиев пен А.Жакупова студенттерге «Ауыл» партиясының жобалары жайында ақпаратпен бөлісіп, жастарды қолдау бағытындағы шараларды тілге тиек етті. Сонымен қатар, Биогумус — тыңайтқыш өнімі, аграрлық сектордағы инновациялар, цифрлық жүйелер, су үнемдеу технологиялары, егіншілік пен мал шаруашылығындағы заманауи жабдықтар, агрономия ғылымының жаңалықтары туралы дәрістеме өткізіліп, талқылау жүргізілді.
         Дәрісте, жалпы, қазіргі күнде, кооперацияның фермерлерді біріктіріп, өнім көлемін арттыруға, нарыққа қолжетімділікті жақсартуға және шығынды азайтуға мүмкіндік беретіні жөнінде айтылып өтті.
       Онда сөз алған спикер-ұстаздар: Ахметова Балнур Сериковна — «Ауыл шаруашылығы кафедрасының» меңгерушісі, ауыл шаруашылығы ғ.к., сонымен бірге Мухаметжанова Орынгүл Токтабековна — Ауыл шаруашылығы ғ. м., аға оқытушысы.
        Агроөнеркәсіп саласында жаңа технологияларды қолдану – өнім сапасын жақсартуға, еңбек өнімділігін арттыруға және экспорттық әлеуетті кеңейтуге жол ашпақ. Кооперация – шағын шаруашылықтарды қолдап, ауыл тұрғындарының табысын арттырудың тиімді тетігі екендігі түсіндірілді.
         Дәріске «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы», «Агрономия», «Орман ресурстары және аңшылықтану» сияқты Білім бағдарламаларының студенттері қатысты.
     Сұрақ-жауап сәтінде «Ветеринария және ауыл шаруашылығы зерттеу мектебі» жастарының белсенділігі олардың жеке пайымдарынан аңғарылды.
       Жиын соңында, ұстаздар, жастар қауымы біріккен фотосуретке түсіп, «Ауыл» партиясының ұранын топпен бірге айтып, дәрісті қорытындылады.
«Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалының баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ӨЗГЕРІСТЕР

        ...

23 тамыз – Қазақстандағы алғашқы Құрылтай депутаттарының сайлауы

        ...

БАСТЫ МАҚСАТ – ХАЛЫҚ КІРІСІН АРТТЫРУ

        ...