Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
"СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАРДАПТАРЫ" ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » «СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАРДАПТАРЫ» ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

«СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАРДАПТАРЫ» ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

         2025 жылдың 4 желтоқсан күні, Семейдің Затон ауданында орналасқан тарихшы-ғалым Амантай Исиннің ғылыми кітапханасында «Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалының ұйымдастыруымен «Семей полигонының әлеуметтік және экологиялық зардаптары» тақырыбында сарапшылар жиыны өтті.
        Шарада алдымен сөз алған өңірлік партия өкілі Е.Омарғалиев аталған тақырып негізінде өз ойларымен бөлісіп, «Семей қасіретінің» негізгі ақпараттарын баяндап беріп, оның тарихына қысқаша тоқталып өтті.
       Келесі кезекте, Амантай Исаұлының ғылыми баяндамасы оқылып, ол кісінің бала жасынан өз көзімен көрген атом сынағының салдары, уақиғалары соның ішінде жақын-туыстарының зардап шеккендігі айтылып, жиынның маңызын аша түсті. Жалғасынша «Абай облысының Экология департаментінің» инспекторы Асылан Әлібекұлы өңірдің экономикалық ахуалы, радиациялық зардаптар және бүгінгі күннің өзекті мәселелері турасындағы ақпараттарды ұсынды. Одан кейін де жиынға қатысушылар бар, ұстаздар мен жастар арасында өзара еркін ой-пікір алмасып, кезекпе-кезек сұрақ-жауап жүргізілді.
       Айта кетерлігі, жергілікті «ТВК-6» телеарнасының журналистері бұл жиынға қатынасып, БАҚ-ның аталмыш тақырыптағы бейнетүсірілім, сұхбат алу сәттері өткізілді.
      Сондай-ақ, бүгінгі шараның бір ерекшелігі тарихшы Амантай Исаұлының ғылыми кітапханасында ұйымдастырған «Семей полигонының әлеуметтік және экологиялық зардаптары» тақырыбы негізіндегі кішігірім «Семей Полигон қасіретінің көріністері» кітап көрмесінде:  Академик С.Балмұхановтың сонау 50-жылдардағы зерттеу деректері қамтылып, қоғам қайраткері  Кешірім Бозтаевтың «Семей полигоны» және »29 — тамыз», жазушы Медеу Сәрсекенің «Семей қасіреті», журналист Дәулет Сейсенұлының »Шежірелі Шыңғыстау», «Семипалатинский ядерный полигон» осы тақырып аясындағы түрлі ғылыми-зерттеу мазмұнындағы жинақтар және т.б. жергілікті айтулы ақындар: Т.Жанғалиев, Т.Әбдікәкімұлы, М.Оспанов, Б.Жақып сияқты ақындардың кітаптарынан «Полигон» жайындағы өлеңдері ұсынылды.
        Тарихшы-ғалым А.Исин қатысушыларға тағылымды экскурсия жүргізіп, аталмыш көрме жөніндегі қысқаша дәрістемесін баяндап берді.
        Аталмыш ғылыми кітапханадағы жиынның қуанышты жаңалығы: Профессор Амантай Исин өзінің «Ауыл» партиясының мүшелігіне өткенін хабарлап, арнайылап партия төсбелгісі тағылды. Соныменде өңірлік филиал атынан «Біздің ауыл өнімі» Ауыл шаруашылығы журналы мен партия өкілі Е.Омарғалиевтің «Тәңірмен тілдесу» (әлем әдебиеті аудармалар) кітабы ұсынылды.
        Осындай жиында, ұстаздар мен жастар тағы басқа қоғамдық қызмет өкілдерінің «Туған жер тағдырына» бей-жай қарамайтындықтары да айқындалды.
«Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалының баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ӨЗГЕРІСТЕР

        ...

23 тамыз – Қазақстандағы алғашқы Құрылтай депутаттарының сайлауы

        ...

БАСТЫ МАҚСАТ – ХАЛЫҚ КІРІСІН АРТТЫРУ

        ...