Home » PRESS RELEASE » News » Неонаталдық медбикелердің халықаралық форумы Алматыда өтуде

Неонаталдық медбикелердің халықаралық форумы Алматыда өтуде

         Алматы  қаласында  Қазақстандағы  перинаталдық  орталықтар  мен  перзентханаларда жұмыс  істейтін  медбикелердің  бірінші Халықаралық форумы басталдыІсшараның мақсаты – реанимация  және  қарқынды терапия  бөлімшелерінде  нәрестелерді  құтқару  мен  күтуде  орта медицина  персоналының  ерекше  және  өте  маңызды  рөліне  назар аудару. Бұл мейірбикенің имиджін арттыруғакүтім сапасын жақсартуға және бала өлімін азайтуға ықпал етеді.
        Неонаталдық  медбикелердің  халықаралық  форумына  ҚазақстанЛитваӨзбекстанҚырғызстанТүркияӘзірбайжан  және Израильден келген 200-ден  астам  мемлекеттік  және  жеке  медициналық  орталықтардың  қызметкерлері   шақырылдыОны “AYALA” қайырымдылық қоры серіктесі – «Шеврон»  компаниясының  қолдауымен,  ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ана мен бала денсаулығын қорғау департаменті мен Қазақстан акушергинекологтары  мен  неонатологтары  конгресінің  бастамасымен  ұйымдастырды.  Бұл  Қазақстандағы  ортамедициналық  персонал  үшін өткізілетін осындай деңгейдегі және ауқымдағы алғашқы кәсіби ісшара.
      «Денсаулық  сақтау  министрлігі  неонатологияға  маманданған  орта  медицина  персоналының  кәсіби  құзыреттілігінің  тұрақты  өсуі  мен  дамуын  қолдайды  және  ынталандырадыЖаңа  туған  нәрестелердің  өмірін  сақтап  қалу  кезіндегі  орасан  зор  физикалық  және  моральдық  жүктеме  нақ  осыларға  түседіФорум  алаңы  Алматыда  Қазақстан  мен  әлемнің басқа да елдерінің тәжірибе жылдары жинақтаған бірегей білімдерімен әріптестерімен бөлісуге дайын үздік мамандарын жинадыБұл форумдақарқынды ақпарат алмасу еліміздегі неонаталдық қызметсапасын одан әрі арттыру  мен жетілдірудің тамаша құралыболатынына сенімдімін», – деп  атап  өтті  ҚР  Денсаулық  сақтау  министрлігі Ана  мен  бала денсаулығын қорғау департаментінің директоры Мағрипа Хамитқызы Ембергенова.
       Екі  күн  бойы  бірінші  Неонаталдық  медбикелердің халықаралық  форумының  спикерлері  медициналық  күтімге  байланысты  жаңа  туған  нәрестелерде  инфекциялардың алдын  алунеонаталдық  бөлімшелерде  күтім  сапасын  жақсартужаңа туған  нәрестені  аспаптық  зерттеулерге  дайындаужаңа туған нәрестелердің  витальдық  функцияларының  жай-күйіне  мониторинг  жүргізунеонатология  бөлімшелерінде  орта медицина  персоналының  жұмысын  ұйымдастыру ерекшеліктері сияқты бағыттарда практикалық тәжірибемен бөлісетін болады.  Конференцияның  шетелдік  қонақтары  нәрестелер  өлімі  мен  мүгедектік  деңгейінің  төмендеуіне  байланысты  өз  елдерінің неонаталдық қызметтерінің ерекшеліктері мен жетістіктері туралы айтып береді.
           «Қазақстанның  перинаталдық  орталықтары  мен  перзентханаларындағы  орта медицина  персоналына  түсетін  жүктемеге  өте  үлкенҚазіргі  уақытта  реанимация  немесе  қарқынды  терапия  бөлімшесіндегі  бір  неонаталды  медбикеге  6 жаңа  туған  нәресте  келедіСалыстыру  үшін  Еуропалық  одақ  елдерінде  бұл  көрсеткіш  бір  медбикеге  бір  жаңа  туған  нәрестеге  тең.  Бұл  үлкен  физикалық  және  эмоциялық  күштену  ел  үшін  маңызды  сәбилер  өлімі  мен  мүгедектігі  деңгейіне тікелей әсер етедіНәресте өлімінің деңгейімен елімізде барлығы салыстырмалы түрде – көрсеткіштер  ДДҰ белгілеген нормалар шегінде. Ал балалардың мүгедектік көрсеткіштері артып келеді. 2022 жылдың қорытындысы  бойынша мүгедектікке шалдыққан балалардың саны 100 000-нан асты, соңғы 5 жылда бұл көрсеткіш екі есеге өсті.  Біз балалар мүгедектігінің өсуін, оның ішінде неонаталдық қызметтегі орта медицина персоналына жүктелген жұмыстың өте үлкен көлемімен байланыстырамызНеонаталды мейірбикелердің негізгі функциялары мен шекті жүктемесін анықтаудың жаңа тәсілін әзірлеу уақыты келді деп есептейміз«Шеврон» компаниясының қолдауымен ұйымдастырылған форум алаңы Қазақстанның орта медицина персоналының жұмысына оң өзгерістер енгізудің алғашқы және маңызды қадамы болады деп үміттенеміз», – деп атап өтті AYALA қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті Айдан Сүлейменова.
         «Шеврон» компаниясының өкілі, қоғаммен байланыс жөніндегі үйлестірушісі Жанар Қошпанованың айтуынша, Неонаталды медбикелердің халықаралық форумы – Қазақстанда балалар денсаулығын одан әрі дамытуға көмектесетін және оның кішкентай азаматтарының денсаулық сапасы мен өміріне оң әсер ететін тәжірибе алмасудың пайдалы әрі тиімді алаңы«Перинатология мен неонатологияны қолдау «Шеврон» компаниясының денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік инвестицияларының стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады. Біздің ұранымыз: «Дені сау балалар – дені сау ұлт», сондықтан 15 жылдан астам уақыттан бері біз AYALA қайырымдылық қорының перинаталдық және неонаталдық диагностиканың өзекті мәселелерін шешуге, ұрық пен жаңа туған нәрестеге сапалы медициналық көмек көрсетуге, перинаталдық және неонаталдық орталықтарды материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жақсартуға, сондай-ақ неонатолог дәрігерлердің және орта медициналық персоналдыңбіліктілігін арттыруға бағытталған жобаларына қолдау көрсетіп келеміз.
           Осы жылдар бойы «Шеврон» компаниясы AYALA қорымен бірлесіп, Алматы мен Астана қалаларындағы перинаталдық және неонаталдық бөлімшелер мен орталықтарға 300-ге жуықарнайы жабдықтарды сыйға берді, еліміздің барлық өңірлерінен жүздеген дәрігерлер мен орта медициналық персонал үшін ондаған біліктілікті арттыру курстары өткізілді, сондай-ақ «Шеврон» компаниясының қолдауымен «AYALA академиясы» онлайн-платформасы құрылды, оның көмегімен неонатолог дәрігерлер мен орта медициналық персонал өздерінің негізгі жұмысынан қол үзбей біліктілігін арттыра алады. Бүгінгі форум біздің компанияның қолдауымен AYALA қоры жүргізіп отырған осы орасан зор жұмыстың бір бөлігі болып табылады. Форум барлық қатысушыларға жаңа білім алуға, тәжірибе алмасуға және кәсіби байланыстарды нығайтуға бірегей мүмкіндіктер беретініне сенімдіміз».

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...

ТАРТЫНА ТҰРСАҚ, ТУЫСҚАН!

        ...

Эвакуацияланғандар жатақханаларға көшірілді

        ...

КИЕЛІ МЕКЕН: ЖЕТІСУДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

        ...

ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАН КЕЛГЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ ҚАЗАҚСТАН ОҚУТУ ЖҮРГІЗУДЕ

        ...

ИНСУЛЬТ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

       Бас ...

БІЗДІҢ ҰЛАНЫМЫЗ АЙТУЛЫ БАЙҚАУДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ!

        ...

МЕЙІРГЕР – МЕДИЦИНАНЫҢ ЖАҢА МОДЕЛІ

        ...

ТЫНЫС ЖӘНЕ ЖҮРЕК ЖҰМЫСЫНЫНҢ ТОҚТАУЫНДАҒЫ КӨМЕК

        ...

ҚЫЗЫЛША АУРУЫ

       Қызылша ...