Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ – БАСТЫ НАЗАРДА - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

         «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және оның аумақтық департаменттері мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган болып табылады.
         Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне  мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына қатысты қызмет алушылардан 250-ге жуық өтініш келіп түскен.
         Олардың басым көпшілігі жер қатынастары, тұрғын үй және әлеуметтік салаларға қатысты түскен болатын.  Кез-келген шағымды Департамент қызметкерлері толық зерделеп, қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру үшін заңмен көзделген бақылау шараларын жүргізеді.  Мәселен, Департаментке Түркістан қаласының тұрғынының «Дәрігерді үйге шақырту» мемлекеттік қызметін ұсынбауға қатысты арызы келіп түскен.
         Аталған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тәртібі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 24 тамыздағы № ҚР ДСМ-90 бұйрығымен бекітілген Медициналық –санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидаларымен реттеледі.
        Шағымды қарау барысында, қызмет алушының дәрігерді үйге шақырту туралы өтініштеріне медициналық көмек көрсетуге дәрігердің келмегені анықталды.  Осыған байланысты, Департаменттің ұсынуына сәйкес, бұзушылыққа жол берген аймақ дәрігері мен жұмыскеріне «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.  Сонымен қатар, Депаратменттің ықпалымен қызмет алушыға медициналық көмек көрсетілді.
          Естеріңізге сала кетейік, Сізге мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартқан және заңды құқықтарыңыз бұзылған жағдайда, Сіз Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне Түркістан қаласы, Жаңа қала ықщам ауданы 32 көше 16 ғимарат мекен-жайы бойынша немесе 8 (725 33) 5-94-72 нөмірі бойынша, сондай-ақ «Sapaly qyzmet» телеграмм боты арқылы хабарлама қалдыруыңызға болады.
Абылайхан НАУРЫЗБАЕВ,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

Жұмысты жүйелеу – нәтиженің кепілі

        ...

БАСТАУЫШ СЫНЫПТА САБАҚ БЕРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

        ...

Түркістан облысы экономикалық өсім бойынша көш бастады

        ...

44 ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ БҰЗЫЛҒАН ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

        ...

ХАЛЫҚПЕН АШЫҚ БАЙЛАНЫС – САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ КЕПІЛІ

        ...

БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ЖАСАМПАЗ ЕЛДІҢ ТІРЕГІ

        ...

4 МЫҢДАЙ ТҰРҒЫН ЖАППАЙ СЕНБІЛІККЕ ҚАТЫСТЫ

Дүниежүзілік тазалық күніне орай ...

ТЕМІРЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ – ЖАҢ МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ

        ...

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДАҒЫ ІС-ШАРАДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

        ...

ТАЗА БОЛАШАҚТЫ ҚҰРАЙЫҚ!