Home » Экономика » АУДАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ

АУДАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ

       Түркістан облысының БАҚ өкілдері Мақтаарал ауданына пресс-турмен келіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайымен танысты.
         Ең алдымен тілшілер қосыны Жаңажол ауылдық округіне қарасты Арайлы ауылындағы құрылысы жүріп жатқан С.Датұлы мектебіне барды. 200 орындық білім беру нысанының жалпы конкурстық құны 533 миллион теңгені құрады. Нысан жаңа оқу жылында ел игілігі үшін пайдалануға берілетін болады.
       Жалпы бүгінгі таңда Мақтаарал ауданында 13 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Бұл – аудан тарихының құрылыс саласындағы рекордтық көрсеткіші. Тіпті, іріленген Мақтаарал ауданы кезінде де бір уақытта мұншалықты көп мектептің құрылысы жүргізілмеген. Cалынып жатқан мектептердің барлығы пайдалануға берілсе, аудандағы ыңғайластырылған мектептердің мәселесі толығымен шешілмек.
         Мұнан соң журналистер қауымы аудан орталығы Мырзакент кентінде орналасқан Даңқ аллеясына аялдады. 1941-1945 жылдар аралығында Мақтарал ауданынан 32 мыңнан аса адам Ұлы Отан соғысына аттанып, соның 3900-і ғана аман-есен елге оралған. Оның ішінде 12 адам «Кеңес Одағының батыры» атағын алды. Бүгінде ауданымызда көзі тірі 2 Ұлы Отан соғысының ардагері ғұмыр кешуде. Әрине, ел үшін қан төккен боздақтар ел есінде мәңгі сақталуы тиіс. Міне, осыны ескерген аудан әкімі Бақыт Асановтың бастамасымен С.Қожанов көшесі бойындағы мәңгілік алау ескерткішін қайта құру үшін бюджеттен 137 миллион теңге қаржы қаралып, мердігер «Таймас company» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілді.
         Жалпы аудан орталығы болғанына 3 жыл толған Мырзакент кенті күн сайын құлпырып келеді. Кентте ескірген нысандардың барлығы да қайта жаңарып, үлкен құрылыс нысандары бой көтерді. Атап айтқанда, аудан әкімі аппаратының ғимараты, Жастар гүлзары, Қ.Мұңайтпасов атындағы орталық стадион, Орталық кітапхана, Мырзакент емханасы ел игілігіне берілді. Бүгінде 1200 орындық мектеп және 280 орындық балабақшаның құрылысы жүруде және дербес бөлімдер үшін әкімшілік ғимараты, Спорт сарайы, Орталық саябақ нысандарының құрылысы жоспарлануда. Сондай-ақ, Мырзакентте көптеген кәсіпкерлік нысандар тұрғызылып, халыққа қызмет көрсету сапасы артуда. Кент көшелерінің барлығы дерлік асфальттенді. Ағаштар егіліп, жарқырата жарықшамдар орнатылды. Субұрқақтар атқылап, гүлдер жайқалды. Мырзалардың мекені деп атала бастаған Мырзакент қай жағынан алса да дамып, көркі көз тоймайтын деңгейге жетті.
             Қаламы қарымды тілшілердің сапары – Бірлік ауылдық округі Қоңырат елді мекенінде орналасқан «Қосаева» жеке кәсіпкерлігіне тиесілі Күріш зауытында жалғасты. Құны 100 миллион теңге тұратын жоба күніне 25 тонна күріш өндіре алады. Жалпы жер көлемі 1,7 гектар өндіріс орнында 15 адам жұмыспен қамтылған.
          Жалпы Мақтаарал ауданында 2021-2022 жылдары 308 адамды тұрақты жұмыспен қамтитын жалпы инвестиция көлемі 10,8 миллиард теңгені құрайтын 5 жоба іске асырылады. Оның бірі жылына 10000 тонна мармелад және жеміс-жидек, бақша, өнімдерін кептіріп өндіретін «JID&COM» ЖШС-і. Өндіріс орны Германия мемлекетімен бірлескен компаниясымен салынып, 2021-2022 жылдары іске қосылмақ. Онда 74 адам жұмыспен қамтылады. Сондай-ақ, ауданда мақта майын өндіретін жалпы құны 2,2 миллиард теңгені құрайтын Қазақстан және Турция елдерінің бірлескен жобасы жүзеге асады. Өндіріс орны ағымдағы жылы іске қосылады деп жоспарлануда. Жобаның қуаттылығы жылына 2,9 мың тонна май, 14000 тонна шрот шығару, онда 48 адам жұмыспен қамтылады. Сонымен қатар, жалпы құны 5,9 миллиард теңгені құрайтын, жіп шығаратын «Tulpar Texstill» ЖШС-і Қазақстан және Турция елдерінің бірлескен компаниясымен салынып, 2021-2024 жылдары жүзеге асады. Жобаның қуаттылығы жылына 6600 тонна жіп өндіру. Бұдан өзге, жалпы құны 209 миллион теңгені құрайтын «ЕL-KZ 2020» ЖШС-і темір-бетон өнімдерін шығаратын зауыты 2021-2022 жылдары іске қосуды жоспарлауда. Және де ауданда «Инженерная арена» ЖШС-і, Малайзия мемлекетімен бірлескен қуаттылығы 4,95 МВт электр энергиясын өндіретін станциясы 2021 жылы салынады деп жоспарлануда.
        Тілшілер қауымы Мақтаарал ауылдық округі, Есентаев ауылында орналасқан «Физули» шаруа қожалығының жұмысымен де танысты. Физуи Алиевтің басшылығындағы қожалық 30 гектар жерге иелік етеді. Оның 15 гектарына қауынның «бакинка» сортын пленкалы тамшылатып суғару әдісімен еккен. Жер емген шаруа өнімдерін жинап алғаннан кейін соңынан маш және мал азықтық дақылдарды екпекші. Осылайша облыс әкімі Ө.Шөкеевтің 1 жерден жылына 2-3 өнім алу жобасын жүзеге асыруда.
       Биылғы жылы облыс әкімінің тапсырмасы бойынша жалпы аудан аумағында 190 бірлік шаруа қожалығы бір жыл ішінде бір алқаптан 2-3 өнім алу технологиясын пайдаланып 580 гектар алқапқа түрлі ерте пісетін көкөніс дақылдарын екті. Қазіргі таңда бірінші өнімдер жиналып, екінші өнімге бақша, маш және мал азықты дақылдарын егу жұмыстары жүргізілуде.
       Ағымдағы жылы ауданда 61 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Қазіргі таңда 20048 тонна көкөніс, 6061 тонна мал азықтық және 500 тонна бақша дақылдары өндіріліп, оның басым бөлігі шетелге экспортталды.
      Түркістан облысының БАҚ өкілдері аялдаған соңғы нысан – Мақтаарал ауданының кіреберісінде орналасқан ауданның логистикалық орталығы. Қазіргі таңда логистикалық орталық жүк көліктеріне лық толған. Еуропадан және басқа да елдерден келген кәсіпкерлер үшін орталықта барлық жағдай жасалған. Атап айтқанда, қонақ үй, кафе, автотұрақ, бассейн кешені мен қосалқы бөлшек дүкенінің қызметтері қарастырылған. Сондай-ақ, көкөніс сақтау қоймасы да іске қосылды.
Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАН КЕЛГЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ ҚАЗАҚСТАН ОҚУТУ ЖҮРГІЗУДЕ

        ...

ИНСУЛЬТ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

       Бас ...

БІЗДІҢ ҰЛАНЫМЫЗ АЙТУЛЫ БАЙҚАУДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ!

        ...

МЕЙІРГЕР – МЕДИЦИНАНЫҢ ЖАҢА МОДЕЛІ

        ...

ТЫНЫС ЖӘНЕ ЖҮРЕК ЖҰМЫСЫНЫНҢ ТОҚТАУЫНДАҒЫ КӨМЕК

        ...

ҚЫЗЫЛША АУРУЫ

       Қызылша ...

ЖҮКТІЛІК КЕЗІНДЕГІ ЖІТІ РЕСПИРАТОРЛЫҚ ВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯ ТУРАЛЫ НЕ БІЛУ КЕРЕК

        ...

12 СӘУІР – ҚАЗАҚ ҒАЛЫМДАРЫ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

       Құрметті ...

ИНСУЛЬТ: АЛДЫН АЛУ МЕН АЛҒАШҚЫ КӨМЕК

        ...

ТІС ПАСТАСЫН ТАҢДАУ ЖӘНЕ ТІСТЕРДІ ҚАНДАЙ УАҚЫТТА ЖУУ КЕРЕК?

        ...