Home » Қоғам » МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫМНЫҢ БАСТЫ ЖАУЫ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫМНЫҢ БАСТЫ ЖАУЫ

          Өкінішке орай, еліміздің кейбір тұрғындары БАҚ арқылы қанша жерден  айтылса да әлі де сыбайлас жемқорлықтың  мемлекетіміз үшін қаншалықты қатерлі құбылыс екендігін нақты білмеуде. Ал, ол қауіпті індетке егер тиімді тоқтау салынбаса, ел тұрғындарының мемлекеттік органдарға деген сенімін азайтып, Қазақстанымыздың қарқынды дамуына, халқымыздың өмірін жақсартуға барын салуға дайын азаматтардың прогрессивті бастамаларын жоққа шығарады. Сондай-ақ, мұндай елдерден шетелдік инвесторлар да аулақ жүреді. Яғни, елге шетелдік қаржы келмегендіктен экономика құрдымға кетеді.
          Мысалы, Сіздің еліміздің экономикасын қарқынды дамытып, көптеген жаңа жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беретін зауыт салғыңыз келді делік. Қажетті құжаттарыздың бәрі де бар. Оған өзіңіздің және инвесторлардың ақшасы жетпегендіктен Сіз, мемлекеттен ақша сұрадыңыз делік. Алайда, қаржы бөлдіруге тиісті мекеменің қызметкері жан-жақты тиімді жобаңызға емес, жобасы күдікті  өз танысымен өзара сөз байласып, соған қомақты ақшаны бөлдіріп жіберді. Әрине, Сіз ашуланып, өз жобаңызды шетелге сатасыз немесе қоқыс жәшігіне тастап, мемлекет мүддесінен гөрі жеке қалтасының қамын ойлағын бір қызметкердің кесірінен бүкіл мемлекеттік органға деген сеніміңіз жоғалады. Ал, сыбайластық тәсілмен мемлекет қаржысын алып алған азамат қомақты қаржыны қалтаға салған соң, өзіне тиесілі жұмысты бардым-келдім атқарған соң, мемлекет те қомақты шығынға ұшырап, тағы да қосымша қаржы жұмауға тура келеді. Тағы бір мысал айтсақ, мемлекеттен қаржыландырылатын мекеменің басшысы, жеке мақсаты үшін нағыз кәсіби мамандардың орнына  ақшасы үшін сауатсыз әрі біліксіз мамандарды алды делік. Нәтижесінде қаншама ел тұрғындарының мемлекеттік органдарға деген сенімі азайып кетеді. Кәсіби мамандар болса өз қабілеттерін жеке секторда қолданылатын болады. Осындай жайларды көріп жүрген кейбір азаматтар, мемлекетімізге қаскөйлік ниеттегі күштердің алдауына оп-оңай түсетін болады. Енді бетін аулақ етсін, бірақ еліміздің басына қиын-қыстау күн түскенде ол азаматтар оң-мен терісті ажырата алмай, қалайша мемлекеттіктің күйреуіне сеп болғанын байқайда алмауы мүмкін. Бұл сөзімізге дәл осы сыбайлас жемқорлықтың өршуінен орын алған бұрыңғы  КСРО құрамындағы елдер мен Таяу Шығыс мемлекеттерінде көтерілістер нақты мысал бола алады.
          Бұл індеттен әсіресе көршіміз Қытай елі әжептәуір зардап шекті. Атақты «Опиумдық соғыстардың» кесірінен кезіндегі қуатты Цин империясы әлсіреген еді. Елді сыбайлас жемқорлық  өршігендіктен, ол елде дүрбелең көп болды. 1940 жылдары империя қирап, орнына Коммунистік және Гоминдон билігі келгенде, гоминдондық органдарда тәртіптің нашарлығынан сыбайластық өршіген екен. Соның кесірінен олар тез жеңіліп, кейіннен қазіргі Тайванға шегінуге мәжбүр болады. Қарсыласы жіберген қателіктен жақсы сабақ алған коммунистік партияның жетекшілері осы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтті. Бүгінде ол елде осындай қылмысқа барған мемлекеттік қызметкер қатаң жазалануда. Олардың өлімі – ату жазасы ретінде қоғамдық орындарда жүзеге асырылады, тіпті оған кеткен оқтың шығынын да оның туыстары төлейді.
         Қазіргі таңда жемқорлықпен күреске қатысты әлемде бірқатар халықаралық құқықтық құжаттар қабылданған: Мемлекеттік лауазымды тұлғалардың халықаралық мінез-құлық кодексі (БҰҰ Бас Ассамблеясының 12.12.1996 жылғы 51/59 резолюциясы); Халықаралық сауда операцияларында жемқорлық пен парақорлықпен күрес бойынша БҰҰ Декларациясы және т.б. Біздің елімізде де, Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері жемқорлықпен күреске тиісті түрде көңіл бөлініп, тиісті заңнамалық актілер мен көптеген құжаттар қабылданды. Оның басында әрине, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін жемқорлық негізінде туындайтын қауіптен сақтауға, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік функцияларды атқаратын лауазымды және басқа да тұлғалардың тиімді жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы болып табылады. Аталған заң жемқорлықпен күрестің негізгі принциптерін, жемқорлықпен қатысты құқық бұзушылықтардың түрлерін және жауапкершіліктің пайда болу шарттарын айқындайды.
       Сыбайлас жемқорлықпен аяусыз күресте, бірінші кезекте халықтың құқықтық сауаттылығын арттырып, қоғамда жемқорлыққа қатысты төзбеушілігін арттыру мен қоғамдық сананы қалыптастыруын тездетуіміз қажет. Сонда ғана бұл қоғамдық дертпен күрес өзінің оң нәтижесін беретін болады.
Қ.ДӘУЛЕТБАЕВ.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...

ТАРТЫНА ТҰРСАҚ, ТУЫСҚАН!

        ...

Эвакуацияланғандар жатақханаларға көшірілді

        ...

КИЕЛІ МЕКЕН: ЖЕТІСУДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

        ...

ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАН КЕЛГЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ ҚАЗАҚСТАН ОҚУТУ ЖҮРГІЗУДЕ

        ...

ИНСУЛЬТ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

       Бас ...

БІЗДІҢ ҰЛАНЫМЫЗ АЙТУЛЫ БАЙҚАУДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ!

        ...

МЕЙІРГЕР – МЕДИЦИНАНЫҢ ЖАҢА МОДЕЛІ

        ...