Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
КІШІ ФУТБОЛДАН АУДАН ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » КІШІ ФУТБОЛДАН АУДАН ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТТІ

КІШІ ФУТБОЛДАН АУДАН ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТТІ

         Жетісай аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен «Жастар саулығы – Отан байлығы» ұранымен кіші футболдан ересектер арасында аудан әкімінің кубогі болып өтті.
          Қ.Мұңайтпасов атындағы орталық стадионда өткен жарыстың басты мақсаты – футбол ойынын аудан жастары арасында кеңінен дәріптеу және ауданда бұқаралық спортты дамыту, ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты нығайту, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру болып табылады.
       ФИФА бекіткен ережеге сәйкес 4 топқа бөлініп, өзара мықтыларды анықтаған жарысқа Жетісай, Мақтаарал және Шардара аудандарынан келген 16 командада 200-ге тарта спортшы қатысты.
      Байрақты бәсекенің ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов пен ардагер спортшы Бақыт Жаңбырбаев ойыншыларға сәттілік тіледі.
        «Біздің де негізгі мақсатымыз осы – спортқа қызығушы жігіттердің басын қосып, олардың арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту. Аға буын мен іздерінен ерген інілерінің арасындағы сабақтастықты жалғау. Аудандарда өтетін спорттық жарыстарға белсене араластыру. Мұндай ойындарды алдағы уақыттарда тұрақты түрде өткізіп отыратын боламыз» деді аудан әкімі.
          Бекітілген ережеге сәйкес жасыл алаңда бойларын жазып, доп қуалаған жігіттері кәнігі футболшылардай қызықты да тартысты ойын өрнегін көрсетті. Турнир барысында әншейінде бір-бірімен жұмыс барысында кездессе де сәлемдесуден артыққа бара бермейтін жігіттердің бірі жаңадан таныс арттырып жатса, енді біреулері ескі таныстарын кездестіріп арқа-жарқа болысты.
         Турнир соңында қарсыластарынан қара үзіп, ұпай санымен алға шыққан «Жылы су» командасы жүлделі ІІІ орынды иеленсе, «Шардара – 93» командасы ІІ орынға табан тіреді. Ал, «Жетісай» құрама командасы І ооынды қанжығаларына байлап, аудан әкімінің кубогіне ие болды.
         Командалық нәтижеден бөлек үздік ойын өрнегін көрсеткен жекелеген ойыншыларға «Үздік қақпашы», «Үздік қорғаушы», «Үздік ойыншы» және «Үздік шабуылшы» сынды номинациялар бойынша да арнайы жүлделер табысталды.
Бауыржан НАЙМАНОВ, Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КВИЗ-САЙЫСЫ

        ...

«ҰЛЫ ДАЛА» балабақшасында «Ауыл» партиясының «Бастауыш партия ұйымы» ашылды

       Семей ...

ШЕКАРАДАН БАСТАЛҒАН СЕРІКТЕСТІК: ҚЫТАЙ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ САПАРЫ НЕНІ КӨРСЕТТІ?

        ...

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: ТҮРКІСТАН ӨНДІРІСІ ДАМЫҒАН ӨҢІРЛЕР ҚАТАРЫНАН ТАБЫЛАДЫ

        ...

«АГРОХАКАТОН – 2025» ЖАС ҒАЛЫМДАР ЖОБАСЫНДА СЕМЕЙЛІК – “CAMPUS TEAM” КОМАНДАСЫ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

СЕМЕЙДЕ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

        ...

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «ИННОВАЦИЯЛАР. ТҰРАҚТЫЛЫҚ. БОЛАШАҚ» ХАКАТОНЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

        ...

СЕМЕЙДЕ АЛҒАШ РЕТ ТІКЕЛЕЙ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ ӨТТІ

        ...

ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА

        ...