Warning: Trying to access array offset on false in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150 ЖЕТІСТІК ЖОЛЫ ЕҢБЕКТЕН БАСТАЛАДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ЖЕТІСТІК ЖОЛЫ ЕҢБЕКТЕН БАСТАЛАДЫ

ЖЕТІСТІК ЖОЛЫ ЕҢБЕКТЕН БАСТАЛАДЫ

         Жетісай ауданы білім бөліміне қарасты «Ғ.Мұратбаев атындағы №61 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кәсіптік бағдар беру педагогының онкүндік жоспарына сәйкес “Жетістік жолы еңбектен басталады” тақырыбында мектеп түлектері мен оқушылар арасында мазмұнды әрі әсерлі сыр-сұхбат кездесуі ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты – оқушыларды түрлі мамандық иелерімен жүздестіру, олардың өмір жолынан үлгі алуына мүмкіндік жасау және түлектердің табысқа жету тәжірибесі арқылы жас буынды еңбекқорлыққа, мақсаттылыққа тәрбиелеу болды.

         Кездесуге өз саласында табысқа жеткен мектеп түлектері,қарапайым мамандық иелері:мектебіміздің электригі талай жылдар бойы адал еңбек еткен өз ісінің шебері: Мейрамбай Төребеков, мектепке дейінгі білім саласында ізденімпаздық пен жаңашылдықтың жолбасшысы болып жүрген, «Айшары» балабақшасының меңгерушісі Эльвира Тұрғанбаева, іскерлік пен табандылығының арқасында еңбегімен ел алғысына бөленген ауылымыздың тұрғыны,жеке  кәсіпкер Кенжебек Зайниев  қонаққа келді. Келген қонақтар өздерінің кәсіби жолдары, таңдаған мамандықтары, алғашқы қадамдары мен басынан өткен қызықты да қиын кезеңдері туралы шынайы әңгімелеп берді. Түлектер оқушыларға өмірдегі табысқа жетудің ең басты негізі – талмай еңбектену, ұмтылу, жауапкершілік және үздіксіз білім алу екенін атап өтті.
         Сыр-сұхбат барысында оқушылар белсенді сұрақтар қойып, болашақ мамандық таңдау, жоғары оқу орнына түсу, өз қабілетін дұрыс бағыттау туралы кеңестер алды. Түлектер жастарды қорықпай қателеспеуге, қиындықтардан қашпай, керісінше, оларды тәжірибе ретінде қабылдауға шақырды. Әрбір қонақ өз тәжірибесі арқылы «жетістік кездейсоқ келмейді, еңбектің нәтижесі» екенін нақты мысалдармен көрсетті.
        Шара соңында оқушылар өз алған әсерлерімен бөлісіп, түлектерге алғыстарын білдірді.
       Жалпы, “Жетістік жолы еңбектен басталады” атты сыр-сұхбат оқушыларға мотивация беріп, болашаққа деген сенімін нығайтқан тағылымды кездесу болды.Кездесу соңында, оқушылар кеш қонақтарына алғыстарын білдіріп, естелік суреттерге түсті.Мұндай кездесулер жас ұрпаққа шабыт беріп,еңбекқорлық пен мақсатқа ұмтылудың маңызын терең сезінуге жол ашады. Онкүндік аясындағы бұл іс-шара мектептегі кәсіптік бағдар жұмысының тиімділігін арттыруға елеулі үлес қосты.
А.ПИРНАЗАРОВА,
Ғ.Мұратбаев атындағы №61 ЖББМ кәсіптік бағдар беру педагогы.
Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

ЖАҢА БИЗНЕС-ИДЕЯЛАР ҮШІН ГРАНТТАРҒА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНУДА

        ...

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – ОРТАҚ МІНДЕТ

       Мақтаарал ...

2026 ЖЫЛДЫҢ БАСЫНАН БЕРІ 69 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СУБСИДИЯЛАНАТЫН ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ

        ...

АУЫЛҒА КЕЛГЕН МАМАНДАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ ЖАҢА ЗАҢ: ТИІМДІ БАСҚАРУҒА БАСТАР ҚАДАМ

        ...

ӘРБІР ТАМШЫ АҒЫН СУДЫ ҮНЕМДІ ЖҰМСАЙЫҚ!

        ...

БІЛІМ МЕН ТІЛ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫНЫҢ БЕРІК ТІРЕГІ

       Еліміздің ...

ЗАЩИЩЕНЫ ПРАВА ГОСУДАРСТВЕННЫХ СЛУЖАЩИХ

        ...