Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ЖАҢА ЦИФРЛЫҚ ҚҰЖАТ EGOV MOBILE МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫНДА ҚОЛЖЕТІМДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ЖАҢА ЦИФРЛЫҚ ҚҰЖАТ EGOV MOBILE МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫНДА ҚОЛЖЕТІМДІ

ЖАҢА ЦИФРЛЫҚ ҚҰЖАТ EGOV MOBILE МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫНДА ҚОЛЖЕТІМДІ

       eGov Mobile мобильді қосымшасында жаңа цифрлық құжат – «Колледж дипломы» қолжетімді.
      Колледж дипломы — арнаулы орта білімнің бар екендігін куәландыратын құжат. Енді сіз осы цифрлық құжатты eGov Mobile қосымшасы орнатылған смартфонмен электронды түрде ұсына аласыз.
      «eGov mobile қосымшасының жетістіктерінің бірі – «Цифрлық құжаттар» сервисі болып саналады. Осы сервистің көмегімен қолданушылар цифрлық құжаттарды әрқашан ұялы телефоннан көрсете алады. Енді колледж түлектері eGov Mobile қосымшасы арқылы құжатты цифрлық форматта қолдана алады. Осыған дейін eGov mobile пайдаланушылары үшін жоғары оқу орындарының дипломдары мобильді қосымша арқылы қолжетімді болды. Бұл қажетті құжаттарды алу және ұсыну процесін едәуір жеңілдетеді», — деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.
      Цифрлық құжатты қолдану үшін eGov mobile қосымшасының басты бетінде «Цифрлық құжаттар» сервисін таңдау керек. Пайдаланушы құжатпен QR код немесе 6 таңбалы код арқылы бөлісе алады. (1-сурет).
      Цифрлық құжат — түпнұсқа құжаттың аналогы. Қазіргі уақытта «Цифрлық құжаттар» сервисінде 27 құжат қолжетімді: оның ішінде жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, ҚР азаматының паспорты және басқалары бар.
      Сіз мобильді қосымшаны iOS жүйесінің пайдаланушылары үшін App Store платформасынан, сондай-ақ Android жүйесінің пайдаланушылары үшін Play Market және App Gallery-ден жүктей аласыз.
      Қызмет ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, ҚР Оқу-ағарту министрлігі және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ жұмысының арқасында іске асырылды.
«ҰАТ» АҚ
Қоғаммен байланыс басқармасы
www.nitec.kz  

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

Әрбір дауыс – жауапкершілік, әрбір таңдау – болашаққа қосылған үлес

        ...

ЖАҢА ҚОНЫС ИЕЛЕРІНЕ ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

        ...

ЕРІКТІ ҚОНЫС АУДАРУҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ КҮШЕЙТІЛДІ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА САЯСИ МОДЕЛІ: ҚОҒАМ НЕ ҰТАДЫ?

       Қазақстан ...

РУХАНИ МҰРАНЫ ҰЛЫҚТАҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ

        ...

ӨЗ ТАҢДАУЫҢ – ӨЗ БОЛАШАҒЫҢ!

       Ағымдағы ...

МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР БОЙЫНША I ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ

        ...

ӨЗ ТАҢДАУЫНДЫ ЖАСА!

       Әрбір ...

ӘРБІР ДАУЫС МАҢЫЗДЫ, ӘРБІР ТАҢДАУ ҚҰНДЫ!

        ...

ЖАС ҰРПАҚТЫҢ ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫНА БАҒЫТТАЛҒАН МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

        ...