Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
БАҒДАТ МУСИН ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА БІРҚАТАР МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » БАҒДАТ МУСИН ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА БІРҚАТАР МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ

БАҒДАТ МУСИН ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА БІРҚАТАР МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ

        ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қызылорда облысына іс-сапармен барды. Сапар барысында 8 тамызда тұрғындармен кездесіп, қалалық емхана мен жергілікті ХҚКО-ның жұмысымен танысты.
       Қызылорда облысының тұрғындарымен кездесу барысында Бағдат Мусин жүзеге асырылып жатқан жобалардың барлығы адамдардың игілігіне бағытталғанын және проактивті сервистер жасалып жатқанын айтты. Министр денсаулық сақтау саласын цифрландыру мәселесіне ерекше тоқталды.
       Медициналық көмек көрсетуді есептеу процесін жаппай автоматтандыруды қойып, аурудың ертерек анықтау және асқынудың алдын алуға мән беру қажет. Денсаулық сақтау саласын цифрландыру тәсілдері қайта қаралады. Қазір дәрігер қабылдауына халықтың тек 8 пайызы ғана онлайн жазылады, дегенмен ыңғайлы сервистерді енгізу арқылы бұл көрсеткішті көп ұзамай ұлғайтатын боламыз» — деді цифрлық даму министрі.
       Бағдат Мусиннің айтуынша, ҚР ЦДИАӨМ Денсаулық сақтау министрлігімен бірге eGov Mobile мобильді қосымшасында «eGov.Денсаулық» жаңа бөлімін жасап жатыр. Бұл бөлімде донорлық мәртебе, электрондық рецепт, вакциналау, тәжірибеханалық зерттеулер қорытындысы, жұмысқа жарамдылық парағы туралы және т.б. ақпарат жинақталады. Осылайша денсаулыққа байланысты барлық мәлімет бір жерде шоғырланып, қолжетімді болады.
         Бағдат Мусин халықты байланыс және интернетпен қамту мәселесіне ерекше тоқталып, сондай-ақ облыс аумағына жүргізіліп жатқан ғарыш мониторингі туралы да айтты. Мәселен, атқарылған жұмыс нәтижесінде Қызылорда облысында пайдалы қазбалар заңсыз өндіріліп жатқан 94 орын, сондай-ақ рұқсат етілмеген 101 қоқыс нысандары анықталған.
        Жоспар бойынша 9 тамызда министр «Роскосмостың» жаңа басшысы Юрий Борисовпен кездесіп, «Бәйтерек» кешені мен басқа да бірқатар мәселелерді талқыламақ.
ҚР Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

Жұмысты жүйелеу – нәтиженің кепілі

        ...

БАСТАУЫШ СЫНЫПТА САБАҚ БЕРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

        ...

Түркістан облысы экономикалық өсім бойынша көш бастады

        ...

44 ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ БҰЗЫЛҒАН ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

        ...

ХАЛЫҚПЕН АШЫҚ БАЙЛАНЫС – САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ КЕПІЛІ

        ...

БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ЖАСАМПАЗ ЕЛДІҢ ТІРЕГІ

        ...

4 МЫҢДАЙ ТҰРҒЫН ЖАППАЙ СЕНБІЛІККЕ ҚАТЫСТЫ

Дүниежүзілік тазалық күніне орай ...

ТЕМІРЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ – ЖАҢ МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ

        ...

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДАҒЫ ІС-ШАРАДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

        ...

ТАЗА БОЛАШАҚТЫ ҚҰРАЙЫҚ!