Home » PRESS RELEASE » News » МАЙНЕРЛЕР МЕН КӘСІПКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖАҢА ҚЫЗМЕТТЕР ПАЙДА БОЛДЫ

МАЙНЕРЛЕР МЕН КӘСІПКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖАҢА ҚЫЗМЕТТЕР ПАЙДА БОЛДЫ

       Elicense.kz порталында екі жаңа қызмет автоматтандырылды: цифрлық майнинг қызметі туралы ақпараттандыру және қалдықтарды жинау, сұрыптау және тасымалдау жөніндегі қызметтің басталғаны/тоқтатылғаны туралы хабарлама.
     ҚР ЦДИАӨМ 2020 жылғы 13 қазандағы № 384/НҚ бұйрығына сәйкес цифрлық майнинг саласындағы кәсіпкерге осы қызметпен айналысуға лицензия талап етілмейді, eliсense.kz порталында жаңа қызметтің көмегімен өз жұмысын бастау туралы электрондық өтінімді жіберіп, онлайн рұқсат алу5а болады.
       Цифрлық майнингті жүзеге асыру жөніндегі қызметі туралы ақпараттандыру үшін өтініш берушіге порталда:
  • мегаватқа (МВт/) шаққандағы қажетті қуат туралы мәлімдемені толтыру;
  • жоспарланған жұмыс орындарының санын көрсету;
  • жоспарланған инвестициялар (теңге);
  • IP-адресі (арнайы IP-адрес пулы);
  • цифрлық майнинг жұмыстарын жүргізуге арналған деректер орталығының орналасқан жері туралы ақпаратты толтыру қажет.
       Мемлекеттік орган тарапынан өтініш өңделгеннен кейін ақпарат автоматты түрде рұқсат беру құжаттарының тізіліміне енгізіледі (мақұлданған кезде) немесе автоматты түрде бас тарту тізіліміне енгізіледі (дәлелді бас тартқан кезде).
       Рұқсат беру құжаты немесе дәлелді бас тарту түріндегі қызметті көрсету нәтижесі 15 күн ішінде e-liсense.kz порталындағы пайдаланушының Жеке кабинетіне жіберіледі («Менің рұқсат құжаттарым» модулінде). Сондай-ақ, порталда e-license.kz қалдықтарды жинау, сұрыптау және тасымалдау жөніндегі қызметі туралы хабарлама қызметі қолжетімді болды.
       E-lisense порталындағы пайдаланушы:
  • қалдықтарды басқару саласындағы кәсіпкерлік субъектісінің атауын көрсете отырып, өтініш береді;
  • субъект және орналасқан жері туралы мәліметтері толтырады;
  • іс-әрекеттің немесе қызметтің атауын жазады.
      Хабарлама жасау тәртібі субъектілерінің тізіліміне жіберілген хабарлама автоматты түрде енгізіледі.
       Қызмет көрсету нәтижесі 3-5 минут ішінде пайдаланушының  «Жеке кабинетіне» Хабарламаны қабылдау туралы талон ретінде жіберіледі.
       Бұрын бұл қызмет тек қағаз түрінде ғана қолжетімді болатын және пайдаланушылар мемлекеттік органның кеңсесі арқылы жүгінген.
      Айта кетейік, e-license порталына кіру және авторизациялау жеке тұлғалар үшін бір реттік парольдің көмегімен жүзеге асырылады, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалар үшін ЭЦҚ көмегімен кіру өзгеріссіз қалады.
       Бүгінгі таңда e-license порталында жеке және заңды тұлғалар үшін 435 қызмет қолжетімді, оның ішінде жеке тұлғалар үшін 250 қызметті eGov mobile мобильді қосымшасының көмегімен алуға болады.
      Қызметтер «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік қызметтер комитеті және ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бірлескен жұмысының арқасында іске асырылды.
«ҰАТ» АҚ
Қоғаммен байланыс басқармасы
www.nitec.kz
         Анықтама: «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «электрондық үкіметтің» инфокоммуникациялық инфрақұрылымының және мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік жүйесінің операторы болып табылады, сондай-ақ орталық және өңірлік мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне жүйелі және техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.
Әлеуметтік желілерге белсенді сілтемелер:
https://www.facebook.com/nitec.kz?mibextid=LQQJ4d
https://instagram.com/nitec_kz?igshid=YTY2NzY3YTc=
Қосымша ақпарат алу үшін:
Динара МАЖИТОВА.
press@nitec.kz; +7 (7172) 701665 ішкі. 6104

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...

ТАРТЫНА ТҰРСАҚ, ТУЫСҚАН!

        ...

Эвакуацияланғандар жатақханаларға көшірілді

        ...

КИЕЛІ МЕКЕН: ЖЕТІСУДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

        ...

ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАН КЕЛГЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ ҚАЗАҚСТАН ОҚУТУ ЖҮРГІЗУДЕ

        ...

ИНСУЛЬТ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

       Бас ...

БІЗДІҢ ҰЛАНЫМЫЗ АЙТУЛЫ БАЙҚАУДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ!

        ...

МЕЙІРГЕР – МЕДИЦИНАНЫҢ ЖАҢА МОДЕЛІ

        ...

ТЫНЫС ЖӘНЕ ЖҮРЕК ЖҰМЫСЫНЫНҢ ТОҚТАУЫНДАҒЫ КӨМЕК

        ...