Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
ҰЛТЫН СҮЙГЕН ҰЛЫ ЖҮРЕК - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ҰЛТЫН СҮЙГЕН ҰЛЫ ЖҮРЕК

ҰЛТЫН СҮЙГЕН ҰЛЫ ЖҮРЕК

          Биыл елімізде қазақтың жарық жұлдызы, Алаш қозғалысының қайраткері Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орай түрлі іс-шаралар өткізілуде. Сондай іс-шараның бірі – Жетісай аудандық «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен  Қазыбек би ауылдық округіне қарасты «М.Жұмабаев» атындағы жалпы орта мектебінде болып өтті.
        «Ұлтын сүйген ұлы жүрек» тақырыбында өткізілген осы іс-шараның мақсаты –  жас буынды Мағжан Жұмабаевтың өмір жолы мен шығармашылығымен таныстыру, жастар арасында қазақ поэзиясын насихаттау және оларды Отансүйгіштікке тәрбиелеу болып табылды.
        Іс-шараға аудандық «Тілдерді оқыту және дамыту орталығының» басшысы Қ.Рысмаханов, Ғани Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі директорының орынбасары С.Аташев, Қазыбек би ауылдық округі Аналар кеңесінің төрайымы Н.Байтасова, мектеп ұжымы мен оқушылары қатысты.
       Әдеби кеш барысында Мағжан Жұмабаевтың өлеңдері оқылып, ақынның шығармашылығы мен өмірі жайында бейнебаяндар көрсетілді. Мағжан Жұмабаев жай ғана ақын емес, ұлт болашағы үшін күрескен Алаш қайраткері. Рухты жырларымен халықты жігерлендіріп, елді татулыққа шақырды.
       Ақын өзінің шығармаларындағы кейіпкерлерін, айналасындағы жастарды да «арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты» қалыпта көргісі келді. Халқының болашағы үшін күресетін негізгі күш — жастар екенін айтып, өз өлеңінде сол жастарға үлкен үмітпен қарады. Бірақ солақай саясаттың құрбаны боып, жалған жала жабылып, кеңестік жүйенің қуғын-сүргініне ұшырап, ату жазасына кесілді. Ұрпаққа берер тағылымы мол, мазмұнды өткен әдеби кеш қатысушылары поэзиямен сусындап, мол рухани азық алды.
       Кеш соңында іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан мектеп ұстаздарына алғыс хат табысталып, өз өнерлерін көрсеткен оқушыларға күнделік дәптерлер берілді. Қазақ әдебиетінің тарихында Мағжан Жұмабаев көп қырлы талант иесі, жаңашыл ұлт ақыны, зергер жазушы, педагог ғалым, кемел ойлы әдебиетші ретінде халқының жүрегінде мәңгілік сақталмақ.
Мөлдір БАЛХАШОВА,
Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әдіскері.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...