Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
2023 жыл рекордтық көрсеткіштермен аяқталды - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Business » 2023 жыл рекордтық көрсеткіштермен аяқталды

2023 жыл рекордтық көрсеткіштермен аяқталды

          Әлемнің жетекші туристік бағыттарының бірі – Түркия туризм саласындағы қарқынды дамуын жалғастырып, былтыр 2022 жылмен салыстырғанда, 10 пайызға арттырған. Осылайша, 2023 жылы түріктер елі шет елдерден 56,7 миллион турист қабылдады. Түркияның Мәдениет және туризм министрлігі елдің туризм кірісі бір жылмен салыстырғанда 17%-ға артып, 54,3 миллиард долларға жеткенін мәлімдеді. Бұл – рекордтық көрсеткіш.

Туристердің сұранысы артқан

         Еуропаның мәдениет, өнер, гастрономия, велосипед және діни туризм, сонымен қатар теңіз, құм және күн үшін ең танымал бағыттарының бірі – Түркия үшін 2023 жылы рекордтық жыл болды. Биыл бұл көрсеткішті 60 миллионға жеткізіп, туризмнен түсетін кірісті 60 миллиард доллардан асыруды көздеп отыр.

Тұрақты даму хаттамасына қол қойған бірінші ел

        Түркияның туризмдегі табысының артында келушілер үшін тартымды орта құруға бағытталған стратегиялық және болашақты ойлайтын саясат жатыр. Ел туризм секторын жауапты және тұрақты саясаты бар неғұрлым төзімді және инклюзивті құрылымға айналдырды. Түркия 2022 жылы Жаһандық Тұрақты Туризм Кеңесімен (GSTC) үкімет деңгейінде келісімге келген және оны салалық талап ретінде жүзеге асырған әлемдегі алғашқы ел болды.

Түркия: жыл он екі ай бойы алуан бағыт пен алуан қызық

          Үш жағын көгілдір теңізбен және тарихи байлығымен қоршалған бірегей географиялық ерекшелікке ие түріктер еліне туристердің қызығушылығы ешқашан басылған емес. Туризм арқылы өзінің құндылықтарын әлемге танытуға ұмтылатын Түркия қонақтарға жыл он екі бойы түрлі мүмкіндіктер ұсынады. Жанға жайлы демалыстар, мәдени және спорттық іс-шаралар, гастрономиялық фестивальдар мен әр аймақтың өзіне тән асханасын, қоршаған орта мен табиғаттың тартымдылығын ұсыну арқылы адамдарға ұмытылмас естеліктер сыйлайды. Түркия көптеген археологиялық қазбалар мен қалпына келтіру жобаларын жүзеге асырады. Осы салада үздіктер қатарынан табылған Түркия 2023 жылы археологиялық жобалар санын 720-ға жеткізді. 2024 жылы аталған көрсеткіш 750-ден асырылады. Бұл Түркияның мәдени мұраны сақтаудағы көшбасшылығын күшейтеді. Сонымен қатар түнгі серуендер үшін танымал археологиялық орындарды жарықтандыруы да туристердің көңілінен шықты. Жан-жағын самаладай жарыққа ететін шамдар тарихи қазыналарды кешкі аспан астындағы таңғажайып көріністерге айналдырады. Измирдегі Эфес, Денизлидегі Иераполис, Анталиядағы Патара және Сиде сияқты бұл орындар Түркияның тарихи мұрасын көрсетумен бірге туристерге елдің бай мәдени мұрасымен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖӘРМЕҢКЕ – ЖҰРТҚА ТИІМДІ БАСТАМА

        ...

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Мемлекеттік ...

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...