Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
ЖІБЕК ЖОЛЫНЫҢ МІНДЕТІН ОНЛАЙН БАҚ АТҚАРЫП ОТЫР - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Business » ЖІБЕК ЖОЛЫНЫҢ МІНДЕТІН ОНЛАЙН БАҚ АТҚАРЫП ОТЫР

ЖІБЕК ЖОЛЫНЫҢ МІНДЕТІН ОНЛАЙН БАҚ АТҚАРЫП ОТЫР

         Журналистика шекараға бағынбайды, Түркі елдерінің медиасын дамыту үшін онлайн журналистиканың мүмкіндіктерін пайдалану қажет. Белгиялық журналист Юсуф Джинал осындай пікір айтты.
        «Бір кездері Жібек жолы арқылы сауда жасағандар сонымен қатар ақпарат жеткізушілер де болатын. Біз журналистер ақпаратты бір дереккөзден алып, екінші бір дереккөзге жеткізушіміз. Осы қызметті атқару барысында бізге жүктелген жауапкершілік пен зор миисия бар. Біз өзіміздің діліміздің, тіліміздің, еліміздің өкілі боламыз. Қазір Жібек жолының міндетін онлайн БАҚ өзінің міндетіне алып, атқарып отыр. Мен өзім Түркияда әрі Еуропада журналист ретінде қызмет етеміз. Өзіміздің мүмкіндіктерімізді пайдалана отырып, өзіміз үшін әрі Түркі мемлекеттері үшін жүрлі жоспар құрып, жүмыс істей аламыз. Әлбетте ол үшін өзіміздің қарым қабілетіміз бен білім біліктілігімізді біріктіруіміз қажет», — деді Белгиядағы www.brukseltruk.be сайтының қожайыны ІІІ Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумында сөйлеген сөзінде.
        Оның пікірінше, Түркі мемлекеттерінің БАҚ-тарында бірлесіп, жұмыс істеу үшін көп мүмкіндік бар. Мәселен, бауырлас елдер медиа нарығына қажетті  кадрларды даярлап, тәжірибе алмаса алады деп есептейді.
           «Біздің алдымызда үлкен мүмкіндіктер бар. Соны моральдық және материалдық тұрғыда өз пайдамызға жарата аламыз. Сол арқылы өзіміздің еліміздің дамытуға үлес қоса аламыз. Бір мысал айтайын, бүкіл әлемдегі жақұт нарығын дамыған елдің бірін Белгия құрып отыр. Жақұтты өңдеу өте қиын, жауапкершілікті талап етеді. Сол үшін мамандарды Үндістанды оқытып, тәжірибе жинатты. Бүгінде ең мықты мамандар сол елде. Журналистер үшін біз де солай жасай аламыз. Мысалы, Алматыда отырған бір журналист Еуропаның кез келген еліндегі медиада жұмыс істей алады. Яғни маңызды ақпараттарды, түркі елдеріне ортақ құндылықтарды насихаттай аламыз. Алдағы уақытта Түркі тілдес журналистері қорымен бірлесіп Еуропадағы үкіметтік емес ұйымдармен бірге бірқатар жұмысты қолға аламыз. Мүндай жобаларды Түркиядағы әріптестермен бірлесіп жасап жүрміз, ендігі кезек Қазақстанда», — деді Юсуф Джинал.
          Еске сала кетейік, Алматыда «Turktime: түркі мемлекеттерінің медиа бірлігі» тақырыбына  ІІІ Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумы өтіп жатыр. Форумның ұйымдастырушылары — «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ мен Дүниежүзілік шетелдік баспасөз ассоциациясы (World Foreign Press Association – WFPA), серіктесі — «Шеврон» компаниясы.  Форумға Қазақстанның барлық облыс, аудандарынан, сондай-ақ Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Түркия, Бельгия, Британия, Нидерланд елдеріндегі түркітілдес БАҚ басшылары, журналистер, медиа саласындағы үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ЖОО журналистика факультеттерінің декандары мен оқытушылары қатысып жатыр.
           Форумда отандық және шетелдік медиа сарапшылар Түркі мемлекеттерінің ақпараттық ынтымақтастығы, кәсіби этика, құқық және ақпараттық қауіпсіздік мәселелерін талқылайды. Сонымен қатар контентті монетизациялау мәселелері, жасанды интеллект трендтері мен оны медиа кеңістікте қолдану тақырыбы талқыланып, тренинг өткізу көзделіп отыр.
 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...