Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ТҮРКІСТАНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ЖАЛАУЫН КӨТЕРДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ТҮРКІСТАНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ЖАЛАУЫН КӨТЕРДІ

ТҮРКІСТАНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ЖАЛАУЫН КӨТЕРДІ

         Түркістанда Ауған соғысының ардагері, Қызыл Жұлдыз орденінің иегері Нұрлан Сейдуалиевті еске алуға арналған жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен республикалық турнир жалауын көтерді.

        Аталған спорт додасында еліміздің барлық өңірлерінен келген балғын спортшылар өз бақтарын сынайды. Турнирдің ашылу салтанатына Түркістан қалалық мәслихат хатшысы Ғаппар Сәрсенбаев, Ауған соғысының ардагері, Қызыл Жұлдыз орденінің иегері Нұрлан Сейдуалиевтың ағасы Нұркелді Сейдуалиев, Түркістан облысы, Сауран аудандық Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тілес Ахай қатысып, еліміз өңірлерінен келген барша спортшыларға сәттіліктер тілеп, жарыстың ұйымдастыру алқасына алғыстарын жеткізді.

          Өз кезегінде Сауран аудандық Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тілес Ахай республикалық бұл турнирдің жас спортшылар үшін маңызы ерекше екен айтты. Сондай-ақ ол аталған игі шара Ауған соғысында от кешкен қаруластар рухына жасалған үлкен құрмет екенін де назардан тыс қалдырмады.

          Еліміз аймақтарынан сайдың тасындай іріктеліп келген жас балуандар турнирдің боз кілемінде  екі күн бұла күштерін сынға салады.
Думан ӘБІШОВ.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

Ұстаз – ұлы есім, ұлағатты мамандық

       Ұстаз ...

ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ САНА

        ...

Жұмысты жүйелеу – нәтиженің кепілі

        ...

БАСТАУЫШ СЫНЫПТА САБАҚ БЕРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

        ...

Түркістан облысы экономикалық өсім бойынша көш бастады

        ...

44 ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ БҰЗЫЛҒАН ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

        ...

ХАЛЫҚПЕН АШЫҚ БАЙЛАНЫС – САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ КЕПІЛІ

        ...

БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ЖАСАМПАЗ ЕЛДІҢ ТІРЕГІ

        ...

4 МЫҢДАЙ ТҰРҒЫН ЖАППАЙ СЕНБІЛІККЕ ҚАТЫСТЫ

Дүниежүзілік тазалық күніне орай ...

ТЕМІРЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ – ЖАҢ МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ

        ...