Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ӘЛЕМДЕГІ ЖЕТЕКШІ УНИВЕРСИТЕТТЕРДІҢ ҒАЛЫМДАРЫ ДӘРІС ОҚЫДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ӘЛЕМДЕГІ ЖЕТЕКШІ УНИВЕРСИТЕТТЕРДІҢ ҒАЛЫМДАРЫ ДӘРІС ОҚЫДЫ

ӘЛЕМДЕГІ ЖЕТЕКШІ УНИВЕРСИТЕТТЕРДІҢ ҒАЛЫМДАРЫ ДӘРІС ОҚЫДЫ

           Бүгін Astana IT University-де ҚР Президенті жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі Ұлттық кеңестің бірінші отырысы және ғылым апталығының аясында әлемнің жетекші университеттерінің ғалымдары дәріс оқыды.
          Ұлттық кеңестің шетелдік мүшелері дәрістерінің мақсаты – тыңдармандарға ғылыми-техникалық тақырыптар бойынша құнды идеялар мен көзқарастарды жеткізу, сондай-ақ Қазақстанда кең ғылыми қауымдастық құру үшін жастарды тарту.
          Іс-шараға Жас ғалымдар кеңесі, университеттердің ғылым жөніндегі проректорлары, ЕҰУ, ҰБО, НУ ғалымдары қатысты.
          Алғы сөз ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің орынбасары Камиль Ақатовқа берілді. Вице-министр кеңес мүшелері дәрістерінің маңыздылығы, олардың Қазақстандағы ғылыми қауымдастығына дүние жүзінің әр түкпірінен келген сарапшылармен білім алуы және өзара әрекеттесуі, сондай-ақ елдегі ғылым мен техниканың ілгерілеуіне ықпал ету мүмкіндіктері туралы атап өтті.
         Ғалымдар тәжірибелік физика, гендік инженерия және ДНҚ, нанотехнология және адам денсаулығы сияқты маңызды ғылыми білім саласындағы маңызды тақырыптар қозғалды.
         Авторлық дәрістерді Нобель сыйлығының лауреаты Джордж Фицджеральд Смут III (онлайн); Густав Рози институтының «ДНҚ жөндеу» зертханасының директоры (Франция) Мұрат Сапарбаев; Пурдю университетінің (АҚШ) ядролық энергетика мектебінің профессоры Зинетула Инсепов; Австрия ғылым және технология институтының профессоры (Австрия) Жаныбек Әлпищев; Лос-Аламос ұлттық зертханасының қызметкері (АҚШ) Дияр Талбаев оқыды.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖӘРМЕҢКЕ – ЖҰРТҚА ТИІМДІ БАСТАМА

        ...

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Мемлекеттік ...

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...