Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ - МҰҒАЛІМ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ — МҰҒАЛІМ

ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ — МҰҒАЛІМ

        Қазіргі кезде білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пайда болып, оқытудың жаңа технологиясы  өмірге келді. Яғни педагогикалық жаңа технология ұғымы  іс-әрекетімізге кеңінен еніп, қолданылуда.  Заман бізден өзімен  бірге жаңаруды, заман талабына сай өзгеруді талап етеді.  Елбасымыз  айтқандай: «Біз бәріміз  жаңарып , жас өспірім буынды  жаңаша тәрбиелеуіміз керек» деген алдымызда жаңару, өзгеру  міндеті тұр. 
     Жаңа форматтағы  мұғалім кім? Менің ойымша, қазіргі кезде барша ұстаз қауымы жаңа форматта болуы міндетті. Себебі, мына жылдам дамып келе жатқан заманда білім алып жатқан ұрпаққа сапалы да, саналы  жаңа форматта білім беру үшін өзіміз де заман талабына сай барлық жаңа технологиялармен қаруланған болуымыз керек.  Ол – өз  мамандығын,  өз  пәнін,  барлық  шәкіртін,  мектебін  шексіз  сүйетін  адам  болуға  тиіс.
       Өз  ісіне    болған  сүйіспеншілік   қана,   оны  қиын  әрекетке  қызықтырады,  іске  батыл  кірісуге  септігін  тигізеді.  Сондай  болғанда  ғана,    жас шәкіртердің  жүрегінде   мәңгі  ұстаз  болып  қалады. Ұстаздардың  ондай  қадір – қасиет,   құрметке  бөленуі  өзін  қоршаған  ортамен  әрбір  шәкіртіне  сезімталдықпен,  жауапкершілікпен  қарым – қатынас  жасауында. Өйткені,  ұстаздың  қарапайымдылығы,  мәдениеттілігі,  сыпайылығы,  жан – жақты  білімі  шәкіртке  де,  ата  — анаға,  жұртшылыққа  үлгі  өнеге.  Қай  уақытта  болсын  ұстаздың  бар  уақыты  ізденіс  үстінде  өтеді.
           Ол  білімін  үздіксіз  толықтырып  отырады,  шеберлігін  шыңдайды,  оқушының  білімге  деген  ынтасымен  өзіне  деген  сеніміне  дақ  түсірмеу  үшін  өмір  бойы  атсалысады.Мұғалімнің жұмысы күрделі екендігі баршаға аян. Бүгінгі сабақты өткізген соң, ертеңгі сабаққа тың ой, жаңа идея, өзгеше әдіс-тәсілмен келу керек.  Қазіргі таңдағы ұстазға деген талап жан-жақтылықты қажет етеді. Ал осы талапқа сай болып, білімді де білікті, жаңа форматтағы ұстаз  атану үшін мұғалімдер дамылсыз білімін шыңдап отыруы қажет деп білемін.Сол сияқты біздің мектебімізде сындарлы оқытуды қолға алған. Сындарлы оқытудың оқушы мен мұғалімге берері мол. Оқушы өз ойын еркін жеткізіп, сұрақ құрып, сөйлеу тілі дамып, достары арасындағы ынтамақтастығы артса, ал  мұғалім оқушыларға көпірше болу арқылы тек бағыт – бағдар бере алады. Бүгінгі сабағына кері байланыс алып, ертеңгі сабақты дұрыс, оқушыға қызықты етіп жоспарлауға мүмкіндік жасалған. Сындарлы оқытудың ең басты талабы: жоспарды дұрыс құру, сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижесін дұрыс жоспарлау.
           «Мәңгілік елдің» болашақ жастарын тәрбиелеуде жаңа сарында білім беру әрбір ұстаздың борышы деп білемін. Оқушыларға сапалы да, саналы білім беруде алдымызға жан салмай еңбек етуге міндеттіміз.Себебі еліміздің болашағы осы жастардың қолында.
           Қорыта келе, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар демекші, Абай атамыздың;
Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегін кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға- деген өлең жолдарымен аяқтағым келеді.
 
Канатбек  ШАЛАТАЕВ,
№ 39 «Асықата» ЖОМ-ның
технология пәні мұғалімі.
 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...