Home » PRESS RELEASE » News » АУДАН ӘКІМІ АППАРАТ МӘЖІЛІСІНДЕ НАҚТЫ ТАПСЫРМАЛАР БЕРДІ

АУДАН ӘКІМІ АППАРАТ МӘЖІЛІСІНДЕ НАҚТЫ ТАПСЫРМАЛАР БЕРДІ

          Түркістан облысында бірнеше айдан бері жүргізілген табиғи апаттың алдын алу жұмыстарының нәтижесінде шамадан көп жауған қар мен жауыннан келер алапат апатқа жол берілген жоқ.
         Бүгін облыс әкімі Дархан Амангелдіұлының төрағалығымен барлық аудан, қала әкімдерінің онлайн қатысуымен аппарат жиыны болып, онда атқарылған жұмыстар мен атқарылар істердің барысы талқыланды.
         Апаттың алдын алу бойынша облыс әкімінің тапсырмасын орындау мақсатында Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлының жетекшілігімен арнайы штаб құрылып, аудан аумағында су тасқынына қарсы жұмыс күшейтілген болатын. Жағдай тұрақты талқыланып, қала, кент, ауылдық округ әкімдеріне нақты міндеттер жүктелді. Ауа райының алдын ала болжамы назарға алынып, қауіпсіздік шаралары нығайтылып, арықтар мен атыздар, каналдар тазаланды. Техника мен төтенше жағдай саласы мамандары, жекелеген құрамдар дайындыққа келтірілді. Соның нәтижесінде ауданда елді мекендер мен тұрғын үйлерді су басу қауіпі сейілді.
           «Биылғы жылғы метеожағдайға байланысты атқарылған алдын алу жұмыстарының нәтижесінде қауіп сейілді. Бірақ, толықтай жойылды деп айта алмаймыз. Әлі де жағдайды назардан тыс қалдыруға болмайды.  Сіз бен біздің жұмысымыздың нәтижесі – тұрғындардың қауіпсіздігімен өлшенеді. Бұл жағдайда сабыр керек. Ең бастысы, ел аман. Жағдай бақыланып, тиісті жұмыстар әлі де атқарылып жатыр» деген аудан басшысы аудандағы ирригациялық жүйелер мен каналдарды толығымен тазартуды, елді мекендердегі жағдайды бақылауда ұстауды тапсырды.
Бауыржан НАЙМАНОВ, Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...

«23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті

        ...

22 СӘУІР – АЛТЫН АДАМ КҮН!

Алтын адам алтын тұлға ...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...

ТАРТЫНА ТҰРСАҚ, ТУЫСҚАН!

        ...

Эвакуацияланғандар жатақханаларға көшірілді

        ...

КИЕЛІ МЕКЕН: ЖЕТІСУДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

        ...