Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
ҰЛТТЫҚ ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕН ОБЛЫС ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ҰЛТТЫҚ ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕН ОБЛЫС ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

ҰЛТТЫҚ ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕН ОБЛЫС ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

       Түркістан облысы көлемінде ұлттық жекпе-жек өнерін дәріптеу және бұқаралық спортқа деген жастардың қызығушылығын арттырып, кеңінен насихаттай отырып патриоттық тәрбиені күшейту, салауатты өмір салтын насихаттау, балалар мен жасөспірімдер, жастар арасында есірткіге қарсы күресті насихаттау және ауыл жастарын спортқа баулу мақсатында ақпан айының 3 – 5 күні аралығында жекпе-жек спортынан ересектер, жастар және жасөспірімдер арасында Түркістан облысының чемпионаты болып өтті.
       Түркістан облысы ұлттық спорт «Жекпе-жек» федерациясы және Жетісай аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өткен байрақты бәсекеге Жетісай, Мақтаарал, Сарағаш, Төле би, Келес, Қазығұрт аудандарымен қатар Түркістан қаласынан жасақталған 10 құрама командада 120 спортшы бақ сынасты.
       Шараның салтанатты ашылу рәсімінде ауданның ардагер спортшысы, халықаралық дәрежедегі төреші Бақыт Жаңбырбаев қатысушыларға сәттілік, шын мықтылпрға жеңіс тіледі. Спорттың адам өміріндегі пайдасы мен қоғамдағы маңыздылығы жайлы айтып өтті.
      Жетісай қаласындағы «Мұхаммад-Али» спорт кешенінде тартысты өткен чемпионатта ересектер 15 салмақ бойынша, жастар 18 салмақ бойынша, ал, жасөспірімдер 16 салмақ бойынша өзара мықтыларды анықтады.
      Кәсіби бапкерлердің қазылығымен мәреге жеткен жарыстың қорытындысымен жалпы командалық есепте жүлделі ІІІ орынға Сарыағаш ауданының құрамасы табан тіресе, ІІ орынды Келес ауданының спортшылары, ал, І орынды Жетісай ауданының командасы иеленіп, ұйымдастырушылардың дипломдарымен, медальдарымен марапатталды.
       Айта кетейік, аталмыш жарыста бабы мен бағы қатар шапқан ересектер арасындағы жеңімпаздар 15 – 19 аралығында Шымкент қаласында өтетін, жастар арасындағы жеңімпаздар наурыз айының 8 – 11 аралығында Атырау қаласында өтетін, ал, жасөспірімдер арасынан шыққан жеңімпаздар сәуір айында Тараз қаласында өтетін Қазақстан чемпионаттарында Түркістан облысының намысын қорғайтын болады.
Бауыржан НАЙМАНОВ, Жетісай ауданы. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...