Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
АРАМСОЯУ (САРЫ ШЫРМАУЫҚ) - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Ауыл шаруашылығы » АРАМСОЯУ (САРЫ ШЫРМАУЫҚ)

АРАМСОЯУ (САРЫ ШЫРМАУЫҚ)

      Арамсояу – шырмауық тұқымдасына жататын біржылдық тоғышар (паразиттік) арамшөп. Сабағы сары түсті, жіп тәрізді, жуындығы 0,8 мм. Бұл арамшөптің тамыры мен жапырағы болмайды. Өзіне керекті қоректік заттарды басқа өсімдіктердің сабақтарына жабысып сорып алады. Арамсояу тұқымы арқылы және вегетативтік жолмен көбейеді. Тұқымның ұзындығы 0,9-2,0 мм, ал ені 08,-1,5 мм. Арамсояудың бір өсімдігі 20 мыңға дейін тұқым береді. Топырақта өнгіштік қабілетін 4-5 жылға дейін жоғалтпайды.
      Топырақ +20+25 С қызғанда 4,0 см тереңдіктен жақсы өніп шығады. Егер ылғал жеткілікті және температура қолайлы болса, тұқым үш аптаның ішінде өніп шығады. Көктеп шыққан өркен екі апта бойы тұқымдағы қоректік заттарды пайдаланып, 4-5 см-ге дейін өсіп үлгереді. Арамсояу сабақ кесінділерінің ұзындығы 12-15 см шамасында болса, ол өзінің өніп-өсу қабілетін толық сақтайды. Арамсояу карантинді арамшөптер қатарына жатады. Аталған арамшөп негізінен Қазақстанның оңтүстік – шығыс аймағында кең таралған. Ол әсіресе қант қызылшасы, темекі, күнбағыс, картоп, жоңышқа, беде және басқа  дақылдардың егістіктерін ластайды. Агротехникалық және химиялық жолмен күрес жүргізу қажет.
      Карантиндік шаралар:
  • Арамсояумен оңтайлы немесе аздап залалданбайтын дақылдар (дәнді-дақылдар, күнбағыс, асқабақ тұқымдастар және басқалар) және аздап залалданатын және таза сүрі жер танабы жүргізілген ауыспалы егіс тәртібін дұрыс сақтау;
  • Таза сүрі жерді өңдеу;
  • Сүдігер жырту;
  • Көктемде егіс себер алдында 2-3 рет қопсыту, ал суармалы жерде өндіргіштік суарумен сәйкестіре атқару;
  • Дақылдарды күтіп баптау (арамшөптерді жою, қатар аралықтарды өңдеу т.б)
  • Залалданған егістегі арамсояу ошақтарын гүлдегенге дейін ору;
Т.НАМАЗБАЙҚЫЗЫ,
ҚР АШМ АӨК МИК Мақтаарал аудандық аумақтық
инспекциясы бас маман өсімдіктер карантині жөніндегі
мемлекеттік инспекторы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫ ЖИЫН-СЕМИНАРЫ МЕН МЕРЕКЕЛІК ШАРАСЫ ӨТТІ

        ...

«ЖАС ҰРПАҚ ЖӘНЕ АБАЙ МҰРАСЫ» ТАҒЫЛЫМДЫ ФОРУМЫ ӨТТІ

        ...

«ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ» — ҰЛТТЫҢ ҰЛЫҚ МЕРЕКЕСІ!

        ...

«ЕҢБЕК АДАМЫ» КЕЙІПКЕРІ: АҒА МЕЙІРБИКЕНІҢ ЕҢБЕК ЖОЛЫ – ЖАСТАРҒА ӨНЕГЕ!

        ...

АЯГӨЗ АУДАНЫНДА «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ МЕДАЛЬДАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ

        ...

АУЫЛДЫҚ МЕКТЕП КІТАПХАНАСЫНДА «КІТАПҚА — ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ТАРИХ ТАРТУЫ — ТӘУЕЛСІЗДІК» КВИЗ САЙЫСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

        ...

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ БЕЛДІ МҮШЕСІ ВИЦЕ-МИНИСТРДЕН МАРАПАТ АЛДЫ

        ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИЛІК» ИДЕОЛОГЕМАСЫ НЕГІЗІНДЕ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ

        ...