Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
«ҰАТ» АҚ ЖӘНЕ NIA АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР САЛАСЫНДА ЫНТЫМАҚТАСАТЫН БОЛАДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » «ҰАТ» АҚ ЖӘНЕ NIA АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР САЛАСЫНДА ЫНТЫМАҚТАСАТЫН БОЛАДЫ

«ҰАТ» АҚ ЖӘНЕ NIA АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР САЛАСЫНДА ЫНТЫМАҚТАСАТЫН БОЛАДЫ

        «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Корея Республикасының ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында жұмыс жасайтын NationalInformationSocietyAgency (NIA) компаниясымен 3 жыл мерзімге ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
         Қол қою рәсімі «DigitalAlmaty 2023» V Халықаралық форумының алаңында өтті. Келісімге «ҰАТ» АҚ Басқарма Төрағасы РостиславКоняшкин мен NIA Президенті Хван Чон Сон қол қойды.
        Екі елдің АКТ және ақпарат пен коммуникациялар саласындағы ынтымақтастық жетістіктерін ескере отырып, Келісім тараптарға ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында тиісті тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.
        Ынтымақтастық ақпараттық-коммуникациялық технологияларды бірлесіп дамытуды, жасанды интеллектті пайдалануды, сондай-ақ бұлтты шешімдер, ашық деректер, үлкен деректер сияқты салаларды көздейді.
       «Бүгінгі таңда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар біздің өмірімізде үлкен рөл атқарады және әлемдік экономиканы дамытудың өмірлік маңызды ынталандыруына айналуда, осыған байланысты технологияларды тиімді пайдалану және қазақстандықтарға сапалы IT өнімдерді ұсыну қажет. Бұған дейін «ҰАТ» АҚ ұжымы NIA-ға өз жобалары мен шешімдерін таныстырған болатын, біз олардың шешімдерін де білеміз, сондықтан бұлмемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау тәжірибесімен және өнімдермен өзара тиімді алмасу болады»,-  деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма Төрағасы Ростислав Коняшкин.
       NIA экономика мен қоғамды дамыту, мүдделерді ілгерілету және серіктес елдермен достық қарым-қатынасты нығайту бойынша түрлі жобаларды жүзеге асырады. Серіктестері арасында Мексика, Чили, Түркия, Вьетнам, Оңтүстік Африка, Бразилия, Колумбия және т. б. елдер бар.
       Айта кетейік, «DigitalAlmaty 2023» Халықаралық форумында іс-шара қонақтарына «ҰАТ» АҚ жобалары, атап айтқанда «SmartDataUkimet» жобасы және eGov Mobile мобильді қосымшасы ұсынылады.
       Бүгінгі таңда eGov Mobile-да 677 мемлекеттік қызмет бар, оның ішінде 203-і eGov.kz порталының қызметтері пен сервистері, 474-і жеке тұлғаларға арналған e-license порталының қызметі. Ай сайын мобильді қосымшаны 2,4 млн. қазақстандық белсенді пайдаланады және айына 50 мыңға жуық мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
       SmartDataUkimet — мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде жинақталатын деректерді жинауға, сақтауға және кешенді талдауға арналған ақпараттық-талдау жүйесі. Бүгінгі таңда SmartDataUkimet-те мемлекеттік деректер базасының 80-ге жуық көшірмесі бар.
«ҰАТ» АҚ
Қоғаммен байланыс басқармасы
www.nitec.kz
         Анықтама: «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «электрондық үкіметтің» инфокоммуникациялық инфрақұрылымының және мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік жүйесінің операторы болып табылады, сондай-ақ орталық және өңірлік мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне жүйелі және техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.
Әлеуметтік желілерге белсенді сілтемелер:
https://www.facebook.com/nitec.kz?mibextid=LQQJ4d
https://instagram.com/nitec_kz?igshid=YTY2NzY3YTc=
Қосымша ақпарат алу үшін:
Динара МАЖИТОВА.
press@nitec.kz; +7 (7172) 701665 ішкі. 6104

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КВИЗ-САЙЫСЫ

        ...

«ҰЛЫ ДАЛА» балабақшасында «Ауыл» партиясының «Бастауыш партия ұйымы» ашылды

       Семей ...

ШЕКАРАДАН БАСТАЛҒАН СЕРІКТЕСТІК: ҚЫТАЙ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ САПАРЫ НЕНІ КӨРСЕТТІ?

        ...

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: ТҮРКІСТАН ӨНДІРІСІ ДАМЫҒАН ӨҢІРЛЕР ҚАТАРЫНАН ТАБЫЛАДЫ

        ...

«АГРОХАКАТОН – 2025» ЖАС ҒАЛЫМДАР ЖОБАСЫНДА СЕМЕЙЛІК – “CAMPUS TEAM” КОМАНДАСЫ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

СЕМЕЙДЕ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

        ...

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «ИННОВАЦИЯЛАР. ТҰРАҚТЫЛЫҚ. БОЛАШАҚ» ХАКАТОНЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

        ...

СЕМЕЙДЕ АЛҒАШ РЕТ ТІКЕЛЕЙ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ ӨТТІ

        ...

ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА

        ...