Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
АҚШОҚЫ ЖОЛЫ – ӨЛЕҢ БЕСІК - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » АҚШОҚЫ ЖОЛЫ – ӨЛЕҢ БЕСІК

АҚШОҚЫ ЖОЛЫ – ӨЛЕҢ БЕСІК

         «Ақшоқы — Құнанбай әулетінің ата қонысы» стелласы ашылды. Салтанатты рухани шара күллі ел мен мұқым Алашты қуантты десек артық айтқандық болмас. Себебі, бұл шараның рухани маңызы өте терең. Хакім Абайдың Өлеңтөбесі — осында. Жүрегінен шерлеп, қаламынан сермеп, ойынан тербеп төккен асыл да ғасыр өлеңдері осы — ұйық, осы —  бесікте дүниеге келді.
          «Ақшоқы — Құнанбай әулетінің ата қонысы» стелласының  ашылу салтанатына көптеген елге белгілі азаматтар, облыс әкімі Ұранхаев Нұрлан Телманұлы да қатысты. Стелланың авторы, белгілі мүсінші Нұрбол Қалиев.
         Хакім Абай күні мерекесімен тұспа-тұс келген айтулы шара ел мерейін тағы бір көтеріп тастады. Өткенде ғана Құнанбай қажы Өскенбайұлының 220 жылдығына көптеген іс-шаралар атқарылды,  әлі де атқарыла береді. Бұйырса  225 жылдық тойы ЮНЕСКО көлемінде тойланады деген мұратты талап-тілегіміз бар.
        Стелланың идея – мазмұнына тоқталып өтсек: мұндағы алтын қыран Құнанбайдың мінезін, қайраткер бейнесін танытады. Сонымен қатар, стелла өлкеміздің байлығын, осында туып-өскен дарынды һәм қайсар қайраткер тұлғаларының ұлылығын білдіреді.
           Аталмыш стелла  ел руханияты мен мәдениетіне ізгі ниет танытып, жомарттық көрсеткен «Нұр Астық Kz» ЖШС демеушілігімен тұрғызылды. Осындaй игі бастамалар, «Абайшыл азаматтармен» өз жалғасын табады деп сенеміз. Даналар даласы  рухымен тербеп, жұртымыз өркендеп дами берсін!
Омарғалиев Ерік Қайратбекұлы.
Құнанбай қажы атындағы «Алаш аудармашылар одағының» төрағасы.
Абай облысы, Абай ауданы, Ақшоқы аулы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ӨЗГЕРІСТЕР

        ...

23 тамыз – Қазақстандағы алғашқы Құрылтай депутаттарының сайлауы

        ...