Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
АУЫЛДЫҚТАР КӨГІЛДІР ОТЫННЫҢ ҚЫЗЫҒЫН КӨРЕТІН БОЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » АУЫЛДЫҚТАР КӨГІЛДІР ОТЫННЫҢ ҚЫЗЫҒЫН КӨРЕТІН БОЛДЫ

АУЫЛДЫҚТАР КӨГІЛДІР ОТЫННЫҢ ҚЫЗЫҒЫН КӨРЕТІН БОЛДЫ

            Ауданымыздағы ең бірінші құрылған ауылдардың бірі, ғасырға жуық тарихы бар Қарақыр елдімекеніне көгілдір отынның желісі тартылып жатыр. Егер бәрі жоспардағыдай жүзеге асатын болса, онда ауыл тұрғындары келесі жылы табиғи газдың қызығын көретін болады.
           Жолдыбай Нұрлыбаев ауылдық округіне қарасты бұл елдімекеннен басқа 5 елді мекенде де әлеуметтік мәселелер біртіндеп шешіліп жатыр. Халық саны 6 мыңнан асатын ауылдық округтегі  38 көшенің 85 пайызы жөндеуден өтсе, елді мекен халқы ауыз сумен толық қамтылған. Барлық ауылдарға жарықшамдар толықтай  орнатылған десе де болады. Ауылдағы басқа да коммуналдық мәселелер біртіңдеп өз шешімін табуда.
           Айта кетерлігі қазіргі таңда ауданда барлығы 69 елді мекен болса, соның 45-і табиғи газбен қамтылған. 2023 жылы Иіржар ауылдық өкругіне қарасты 9 елді мекенге көгілдір отын берілген болса, қалған ауылдарға құбыр тарту үшін жобалау-сметалық құжаттамалары рәсімделген болатын. Сол жұмыстардың арқасында ағымдағы жылы 9 елді мекенге газ тартылып жатса, 5 елді мекенді табиғи газға қосу жоспарлануда. Тағы да 10 елдімекенге мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатса, аудан елдімекендерін 2026 жылы толықтай көгілдір отынмен қамту жоспарланып отыр.
Сүңғат ҚУАНЫШБЕК, Мақтаарал ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1