Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
АУДАН БАСШЫСЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » АУДАН БАСШЫСЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

АУДАН БАСШЫСЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

             Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов «AMANAT» партиясының Жетісай аудандық филиалы ғимаратында аудан тұрғындарына арыз-өтініштері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді.
            Аудан басшысының осы қабылдауына «AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалының атқарушы хатшысы Асқар Қайназаров пен аудандық мәслихаттың төрағасы Медет Қасымов, аудан әкімінің орынбасарлары, білім, денсаулық сақтау саласы мен құқық қорғау органдары басшыларының орынбасарлары, бөлім басшылары мен қала, бірқатар округтердің әкімдері де қатысып, тұрғындардың өз салаларына қатысты сауалдарына жауап беріп отырды.
         Қоғамдық қабылдауға жазылған тұрғындардың басым бөлігі тұрғылықты жерлеріндегі көше жөндеу жұмыстары мен түнгі жарықтандыру, ауыз су, қоғамдық орындардағы қауіпсіздік пен тазалық, балабақшалардағы бүлдіршіндердің денсаулығы бойынша арыз-шағымдарын жеткізіп, шешілу жолдарын бірге талқылады.
          Осы қоғамдық қабылдау барысында тұрғындар тарапынан айтылған мәселелер бойынша оларға құқықтық кеңестер беріліп, аудан әкімі тарапынан жауапты сала басшыларына хаттамалық тапсырмалар берілді.
Б.НАЙМАНОВ.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖӘРМЕҢКЕ – ЖҰРТҚА ТИІМДІ БАСТАМА

        ...

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Мемлекеттік ...

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...