Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ МАҢЫЗЫ АРТЫП ОТЫР - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Экономика » МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ МАҢЫЗЫ АРТЫП ОТЫР

МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ МАҢЫЗЫ АРТЫП ОТЫР

        Жетісай ауданы, Жаңа ауыл ауылдық округінің Ынтымақ елді мекенінде орналасқан «Қыдыр ата» медициналық орталығының құрылысы 2018 жылдың мамыр айында басталып, 2020 жылдың қазанында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы Шөкеевтің қатысуымен қолданысқа берілген болатын. Жергілікті кәсіпкер Бахтияр Қозибаевтың жеке қаржысы есебінен 128 млн теңге инвестиция салынған орталыққа неміс елі мен Алматы қаласынан 68 млн теңгеге заманауи медициналық құрал-жабдықтар алынған.        Күніне 100 азаматқа қызмет көрсететін медициналық орталықта Неврапотолог, Кардиолог, Хирург, Уролог, Терапевт, Лор, Стоматолог, Эндикринолог, Гинеколог, Узи, Массажист секілді жоғары санатты 36 дәрігер ем-домның 11 түрін жасайды. Одан бөлек 7 орындық күндізгі стационар да бар.       «Біздің бұл орталықты ашуымызға әлемдегі орын алған ахуал тікелей себеп болды. Індет өршіген тұста халық тексеруден өтетін орын таппай, дәрігерлерден кеңес ала алмай қиналды. Міне, сол жағдайларды ескеріп елге пайдамыз тисін деген ниетпен ашылдық. Алдағы уақытта тағы 40 төсек орындық күндізгі емделу орталығын іске қосуды жоспарлап отырмыз» дейді орталық басшысы, жеке кәсіпкер Бахтияр Қозибаев.
         Пандемия кезінде қиналған ауылдастарына түрлі деңгейлерде әлеуметтік көмек көрсетіп келген кәсіпкер жуырда ғана арнайы 3 күндік акция өткізген. Акция аясында келушілер тегін тексеруден өтіп, сырқаттарының диагнозын біліп, тиісті ем-домына дәрігерлік кеңестер алған. Медициналық орталық дәрігерлері акция кезінде тәулігіне 700-ге дейін келушілерді қабылдаған.
Б.НАЙМАНОВ.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЕРІКТІ ҚОНЫС АУДАРУҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ КҮШЕЙТІЛДІ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА САЯСИ МОДЕЛІ: ҚОҒАМ НЕ ҰТАДЫ?

       Қазақстан ...

РУХАНИ МҰРАНЫ ҰЛЫҚТАҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ

        ...

ӨЗ ТАҢДАУЫҢ – ӨЗ БОЛАШАҒЫҢ!

       Ағымдағы ...

МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР БОЙЫНША I ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ

        ...

ӨЗ ТАҢДАУЫНДЫ ЖАСА!

       Әрбір ...

ӘРБІР ДАУЫС МАҢЫЗДЫ, ӘРБІР ТАҢДАУ ҚҰНДЫ!

        ...

ЖАС ҰРПАҚТЫҢ ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫНА БАҒЫТТАЛҒАН МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

        ...

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...