Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
ЖЕТІСАЙЛЫҚ ШАРУАЛАР БІР ЖЕРДЕН 3 ӨНІМ АЛУДЫ МЕҢГЕРУДЕ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Ауыл шаруашылығы » ЖЕТІСАЙЛЫҚ ШАРУАЛАР БІР ЖЕРДЕН 3 ӨНІМ АЛУДЫ МЕҢГЕРУДЕ

ЖЕТІСАЙЛЫҚ ШАРУАЛАР БІР ЖЕРДЕН 3 ӨНІМ АЛУДЫ МЕҢГЕРУДЕ

        Негізгі күн көрісі аграрлы саналатын Жетісай ауданының шаруа-дихандары әлемдегі пандемиялық жағдайда да қол қусырып отырған жоқ. Аудан экономикасының дамуы мен алыс-жақын аумақтарды ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз етуді жалғастыруда. Жетісайлық жер емген жұрт аудан әкімдігінің қолдауымен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы айтқан бір жерден 2 өнім алу ісін кеңінен жүзеге асыруда. Ағын суды үнемдей отырып өнім көлемін арттыру мақсатында тамшылатып суғару әдісі де кеңінен қолға алынып келеді.
      Тамшылатып суғарудың тамашасын көріп отырған шаруа қожалықтарының бірі – Жетісай ауданына қарасты Ш.Ділдәбеков ауылдық округінде орналасқан «Рахман» шаруа қожалығы. 20 жылға жуық бақша дақылдарын егумен айналысатын қожалық төрағасы Руслан Құдайқұловтың иелігінде 7,5 гектар жер бар. Биылғы жылы шаруа бірінші өнімге 1,5 гектарға қырыққабат, екінші өнімнің 3 гектарына болгар бұрышын және 3 гектарына қарбыз еккен. Енді, үшінші өнімге маш егуді жоспарлап отыр.
      «Тамшылатып суғару әдісін қолдану алғашында үлкен қорқыныш туғызды. Өйткені, 20 жылға жуық беткейлетіп суғарып үйреніп қалған бізге жаңашыл тәсіл таңсық болды. Мамандармен, әкімдіктегілермен ақылдасып, тәуекелге бел байладым. Міне, өздеріңіз көріп отырғандай өнім жақсы, ағын су да тапшылық туғызбады. Жұмысшы күшін де жылдағыдай қажетсінбедім. Беткейлетіп суғарғанда біт тәклік суғаратын егістікті тамшылатып суғару арқылы 5 сағатта суғарамын. Өнім де Аллаға шүкір, жақсы» дейді «Рахман» шаруа қожалығының төрағасы Руслан Құдайқұлов.
       Жетісай аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Марат Абуовтың айтуынша ерте пісетін қарбыздың алғашқы 2 мың тоннасы, 200 тоннаға жуық қауын, 1500 тоннаға жуық қызанақ, қияр, болгар бұрышы мен баклажан секңлді түрлі көкөніс дақылдарынан өнім жиналған. Мың гектарға жуық жерден 2 өнім алынады деп жоспарлануда.
          Айта кетейік, елдегі карантиндік ахуалға қарамастан жетісайлық шаруалардың 5 айда өндірген ауыл шаруашылығы өнімі 7,7 млрд теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 1,2 млрд теңгеге артқан. Жыл басынан бері ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 725,9 млн теңге, тамақ өнеркәсібіне 30,2 млн теңге инвестиция тартылған.
Б.НАЙМАНОВ

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

STAEM ӘДІСІНІҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ

        ...

МҚІА ТҮКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ: ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

        ...

АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН КООПЕРАЦИЯ — АУЫЛ ДАМУЫНЫҢ КІЛТІ», БИОГУМУС ӨНІМІ ТУРАСЫНДА ДӘРІС–ЖИЫНЫ ӨТТІ

        ...

«СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАРДАПТАРЫ» ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

        ...

ЕҢБЕКТІ СҮЙГЕН ЖАНДАРДЫҢ МАРАПАТЫ

        ...

ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ «НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫН» АЛАДЫ МА?

      Олжас ...

АЛМАТЫНЫҢ АУАСЫН ТАЗАРТАТЫН ТЕХНОЛОГИЯ ІСКЕ АСПАҚШЫ

        ...

САНДЫҚ МОНИТОРИНГ ЖӘНЕ ОҚУ АНАЛИТИКАСЫ: МЕКТЕП БАСҚАРУДАҒЫ ЖАҢА БАҒЫТ

        ...

ЦИФРЛЫҚ РЕСУРСТАРДЫ МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

       Қазіргі ...