Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
Home » PRESS RELEASE » News » «ТАКСОМОТОРНЫЙ ПАРК» ЖШС ЖАНЫНАН «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫ» АШЫЛДЫ

«ТАКСОМОТОРНЫЙ ПАРК» ЖШС ЖАНЫНАН «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫ» АШЫЛДЫ

         Семей қаласында «Таксомоторный парк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалының «Бастауыш партия ұйымы» (БПҰ) өңірлікпартия төрағасы Қ.Смағұловтың қатысуымен ресми түрде ашылды.
         Бұндай жаңа бастауыш ұйымның құрылуы – партияның өңірлерде қоғамдық тұрғыда белсенділікті арттыру, ауыл шаруашылығы мен еңбек адамын қолдау, әлеуметтік әділдікті нығайту бағытындағы жұмыстарын одан әрі күшейтудің нақты көрінісі іспетті.
          «Ауыл» партиясы әрқашан қарапайым еңбек адамын, ауыл мен қала арасындағы тепе-теңдікті, ұлттық құндылықтар мен елдік мұраттарды қорғауды басты ұстаным етіп келеді.Осы мақсатта,Семейдегі «Таксомоторный парк» ұжымының белсенді азаматтары партия қатарынан табылып, елдің өркендеуіне өз үлесін қосуға ниет білдірді.
         Жаңада ашылған ұйым құрамына мекеме басшылығы, жүргізушілер, техникалық қызметкерлер, сондай-ақ түрлі салада еңбек етіп жүрген мамандар енді. Олар алдағы уақытта партияның жергілікті бастамаларына қолдау көрсетіп, әлеуметтік жобалар мен қоғамдық шараларға белсене қатысуға сенім танытты.
        Ашылу барысында, қатысушылар партияның идеологиялық ұстанымдары мен ел дамуына қосып келе жатқан үлесі туралы ойларымен бөлісті. Партияның өңірлік филиалы өкілдері жаңа ұйымның ашылуы – Семей өңіріндегі қоғамдық-мәдени өмірге жаңа серпін беретін маңызды қадам екенін атап өтті.
         Бұндай бастамалар – қоғамдағы бірлік пен ынтымақты нығайтып, ел мүддесі жолындағы игі істерге бағыт беретін маңызды тетік болып саналады.
         Ұжымға жаңа белестер мен табыстар тілейміз!
        «Ауыл» партиясының осындай елдік бағыттағы жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын тауып, халық сенімін арттыра бермек.
«Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалының баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

Еңбекке жол ашқан мүмкіндік

        ...

Сапалы медицина – халыққа жақын қызмет

        ...

Білім инфрақұрылымы – ел болашағының негізі

        ...

ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ЖЕКЕ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ НЕГІЗІ

        ...

ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІН ОҚЫТУДА ЖИ МҮМКІНДІГІН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ

        ...

Ұстаз – ұлы есім, ұлағатты мамандық

       Ұстаз ...

ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ САНА

        ...

Жұмысты жүйелеу – нәтиженің кепілі

        ...

БАСТАУЫШ СЫНЫПТА САБАҚ БЕРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

        ...

Түркістан облысы экономикалық өсім бойынша көш бастады

        ...