Home » PRESS RELEASE » News » АУДАН ӘКІМІ АЛТЫН ҚҰРСАҚТЫ АНАЛАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

АУДАН ӘКІМІ АЛТЫН ҚҰРСАҚТЫ АНАЛАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

            Жетісай ауданында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шаралар ғасыр жасаған әжелерімізді құттықтаумен жалғасты. Аудан әкімі Серік Үсенұлы 100-ден асқан әжелердің үйлеріне барып, арнайы құттықтады.
              Бір қолмен әлемді, бір қолмен бесікті тербеткен кешегі Кеңес дәуірін көріп, ғасырды артта қалдырған аналар қатары қазіргі таңда саусақпен санарлық. Киелі, қасиетті де қастерлі болған аналар тіршіліктің бастауы. Өйткені, ел билеген патша да, аты жер жарған алып батыр да, қара сөздің қаймағын ішкен ақын да ананың алтын құрсағынан бастау алады емес пе?
           «Сіздерді жайма шуақ көк желекті көктеммен бірге көңілге қуаныш сыйлай келетін 8 наурыз – Халықаралық әйелдер, қыз-келіншектер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күнді ақ самайлы асыл әжелерімізден бастап, күлімдеген қаракөз жас жеткіншектерімізге дейін асыға күтетіні анық. Әр үйдің, жанұяның, Отанның мерейі мен ұйытқысы болып табылатын әйелдер қауымына айтарымыз тек алғыс» делінген аудан әкімінің құттықтауында.
            «Жасы үлкенді қаділесе құт болар, Қадірлі кісі қартаймас» деп ұлы ғұламалар өсиет етіп келер ұрпаққа қалдырғандай жақсылықты жанымен қолдап, өнегелі іске сергектік пен ден қойып отырған Қарақай ауылдық округінің тұрғыны Угнай Бегбаева, Жаңа ауыл ауылдық округінің тұрғыны Уримай Байгабекова, Ж.Ералиев ауылдық округінің тұрғыны Сапия Қондыбаева мен Мақталы ауылдық округінің тұрғыны Сұлуай Сапарбаева ауыл тұрғындарының тұтастық өмірінің өзекті мәніне айналған. «Ауылыңда кімің бар?» дегенде көнекөз қарттарын, әсіресе, бәйтерек сынды бетке ұстар қазыналы қарттарын үлкен-кіші марқайып, мақтан етеді. Белі қатып, бұғанасы бекімей жатып тың игеруге қатысып, кейіннен екінші дүниежүзілік соғыста қан майдандағы жауынгерлерге қолынан келгенше көмек берген әжейлер соғыстан кейінгі жылдары тұралап қалған ауылдарды қалпына келтіру ісіне атсалысқан. Қолына кетпен алып шабық шауып, масақ терген. Диірменде ұн өткізіп, мал да баққан. Адал еңбегінің арқасында елдің құрметіне бөленіп, кеңес дәуірінде өмір бойы колхозда қарапайым жұмысшы болып, белі талмай еңбек еткен қарияның өмір жолы көпке үлгі боларлықтай.
           «Осындай тоқшылықта, бейбіт елде өмір сүріп жатқан сендер бақытты ұрпақсыңдар ғой. Оқ пен оттың қатері жоқ. Сондықтан, қолда бар құндылықтарды бағалай білу керек. Кезінде аш та болдық, жәутеңдеп үреймен өмір сүрдік. Бүгін міне, өз еркіміз өзімізде. Тәуелсіз елміз. Барымызға қанағат жасап, болашаққа жақсы үміттермен өмір сүре білейік. Қашан да еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын» деген қазыналы қарт аналар аудан әкімінің ықыласы мен құрметіне алғыстарын айтып, баталарын берісті.
Бауыржан НАЙМАНОВ, Жетісай ауданы. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...

ТАРТЫНА ТҰРСАҚ, ТУЫСҚАН!

        ...

Эвакуацияланғандар жатақханаларға көшірілді

        ...

КИЕЛІ МЕКЕН: ЖЕТІСУДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

        ...

ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАН КЕЛГЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ ҚАЗАҚСТАН ОҚУТУ ЖҮРГІЗУДЕ

        ...

ИНСУЛЬТ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

       Бас ...

БІЗДІҢ ҰЛАНЫМЫЗ АЙТУЛЫ БАЙҚАУДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ!

        ...

МЕЙІРГЕР – МЕДИЦИНАНЫҢ ЖАҢА МОДЕЛІ

        ...

ТЫНЫС ЖӘНЕ ЖҮРЕК ЖҰМЫСЫНЫНҢ ТОҚТАУЫНДАҒЫ КӨМЕК

        ...

ҚЫЗЫЛША АУРУЫ

       Қызылша ...