Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
БАТЫР ОҚУШЫ МАРАПАТТАЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » БАТЫР ОҚУШЫ МАРАПАТТАЛДЫ

БАТЫР ОҚУШЫ МАРАПАТТАЛДЫ

         4 наурыз күні Мақтаарал ауданы Жамбыл ауылдық округінің тұрғыны, Қ.Үкібаев атындағы №37 жалпы орта мектебінің 8-сынып оқушысы Нұркелді Нұрполат суға ағып бара жатқан 3 жастағы баланы құтқарып қалған болатын.
        Бұл оқиға еліміз бойынша БАҚ пен әлеуметтік желілерде кеңінен таралып, қазақстандықтар батыр балаға ризашылықтарын білдірді.  Аудан әкімі Бақыт Асанов Нұркелді Нұрполатты жеке қабылдап, аудан жұртшылығы атынан алғысын айтып, сый-сияпатын жасады.
       Аудан басшысы мектеп оқушысының ерлігі көптеген отандастарымызға үлгі екенін атап өтті. Сондай-ақ, мектепте үлгілі тәртібімен, үздік оқуымен ерекшеленетін балаға білім алуына жеңіл болуы үшін ноутбук сыйлады.
        Айта кетейік, 04.03.2023 жылы сағат 11:00 шамасында Мақтаарал ауданы, Жамбыл ауылдық округі, Абай елді мекенінің аумағында ата-анасының қарауынсыз ойнап жүрген 3 жасар бала К-18 каналына түсіп кетеді.
       Сол уақытта Көкпарсай елді мекенінде өтіп жатқан көкпар сайысына атпен бара жатқан Нұргелді Нұрболат баланы көріп құтқарып алған. Құтқарылған балаға ауыл тұрғындары алғашқы медициналық жәрдем көрсетіп, аман алып қалды.
        Сол күні 11:45 шамасында бала Мақтаарал ауданының «Атакент» аудандық ауруханасына жеткізіліп, тиісті жедел мидициналық көмектер көрсетілген. Кейін денсаулығының қалыпты болуына байланысты сағат 15:30 шамасында үйіне шығарылған.
Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖӘРМЕҢКЕ – ЖҰРТҚА ТИІМДІ БАСТАМА

        ...

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Мемлекеттік ...

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...